Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тұмаудан қалай қорғануға болады: дәрігер кеңесі
Маман пікірі

Тұмаудан қалай қорғануға болады: дәрігер кеңесі

03.11.2024
1 мин
0
727
Сурет: Dauletten.kz

Күз, қыс мезгілдерінде тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялар жиі кездеседі. Осы орайда Астана қаласы Республикалық алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығының жалпы тәжірибе дәрігері Аида Мұхтарқызы Dauletten.kz сайтына тұмаудан сақтанудың тиімді жолдарын айтып берді.

Тұмау — бұл респираторлық вирустардың әсерінен пайда болатын жұқпалы ауру. Оның негізгі белгілері — жөтел, температураның көтерілуі, мұрынның бітелуі және әлсіздік. Тұмау, әсіресе, суық мезгілде жиі кездеседі және қоғамдық орындарда тез таралуы мүмкін. Дәрігер Мұхтарқызының сөзінше, дұрыс алдын алу шараларын қабылдау және уақытында емдеу, тұмаудың ауыр асқынуларының алдын алуға көмектеседі.

- Тұмау вирусының таралуын болдырмау үшін бірнеше қарапайым, бірақ тиімді әдістер бар. Біріншіден, бұл жағдайда иммунитетті нығайтудың маңызы зор. Дұрыс тамақтану, витаминдер мен минералдар қабылдау, жеткілікті мөлшерде су ішу және ұйқы режимін сақтау – денсаулықтың негізі. Сонымен қатар адамдарға қолды жиі жуу, ластанған заттарды пайдаланбау және адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу ұсынылады. Бұл шаралар тұмау ауруын жұқтыру қаупін айтарлықтай төмендетеді. Көпшілік орындарда маска тағу және адамдар арасындағы қашықтықты сақтау – вирустардың таралуын тежейтін тиімді шаралар. Жоғарыда атап өткендей, дұрыс тамақтану, белсенді өмір салты және С дәруменіне бай өнімдерді пайдалану — иммунитетті нығайтуға көмектеседі. Күнделікті рационындағы көкөністер мен жемістердің мөлшерін арттырған абзал. Себебі олар организмнің қорғаныш функцияларын жақсартады, - дейді Аида Мұхтарқызы.

Тұмаудан қорғанудың ең тиімді жолдарының бірі - вакцинация. Ол иммундық жүйені нығайтып, ағзаны вирустардан қорғауға көмектеседі. Сондай-ақ күнделікті өмірде жеке гигиенаны сақтау вирустардан қорғанудың басты тәсілі екені сөзсіз.

Спикердің сөзінше, келесі тиімді жол - жақсы ұйқы және демалыс. Күнделікті жеткілікті ұйқы — денсаулықтың кілті. Дұрыс ұйқы стресс деңгейін төмендетіп, иммунитетті жақсартады.

Сондай-ақ тұмау белгілері пайда болғанда уақыт созбай бірден дәрігерге қаралған ең тиімді шешім болмақ. Егер тұмаудың алғашқы белгілері байқалса, міндетті түрде ақ халатты абзал жандарға жүгініңіз. Уақытында медициналық көмек алу — аурудың асқынуын болдырмаудың бірден-бір жолы.

Жалпы, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде демекші, тұмаудан қорғану — әрбір азаматтың міндеті. Дәрігерлердің ұсыныстарын орындап, өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарасаңыз, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қорғай аласыз. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл