Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
9 ақпан – Халықаралық тіс дәрігері күні. Осы айтулы күнге орай Dauletten.kz сайтының тілшісі астаналық медицина қызметкерімен сұқбат құрып қайтты.
Тіс ерекше күтімді қажет етеді. Ауырып, асқындырып, жаныңызды қинағанша жүре беру – қателік. Ал сол қателіктің алдын алу үшін нені білу керек? Осы және өзге де сұрақтарымызға елордамыздағы білікті тіс дәрігерлерінің бірі Руслан Абишев жауап берді.
— Руслан мырза, айтыңызшы, адамдардың тіс күтімінде ең жиі жіберетін қателіктері қандай?
— Тісті күніне екі рет тазалау қажет. Алайда көп адам жиі жіберетін қателіктің бірі – таңертең ұйқыдан тұрған соң бірден тіс тазалап, содан кейін таңғы ас ішуі. Дұрыс тәртібі – алдымен ауызды шайып, таңғы ас ішіп, содан кейін тіс тазалау. Ал екінші жиі кездесетін қателік – адамдар тісжегі (кариес) пайда болғанда оған мән бермей жүре береді. Бұл уақыт өте келе асқынуларға әкеледі. Сондықтан профилактика ретінде жылына кемінде екі рет тіс дәрігеріне қаралып, тісті кәсіби тазалау қажет.
— Тісті дұрыс тазалау үшін қандай щетка мен паста таңдаған жөн?
— Әр адамның тіс және қызыл иек жағдайына байланысты жеке тіс щеткасы мен пастасы таңдалады. Мысалы, кейбір адамдарда пародонт аурулары болса, басқаларында тісжегі жиі кездесуі мүмкін. Сондай-ақ шай, кофе, темекі әсерінен тіс бетінде көп дақ қалатын адамдарға ағартатын пасталар ұсынылады, ал қызыл иегі сезімтал адамдарға қабынуға қарсы пасталар қажет. Дегенмен, тіс дәрігерінің көп жағдайда адамдарға жұмсақ немесе орташа қаттылықтағы тіс щеткасын таңдау ұсынылады. Сонымен қатар түрлі стоматологиялық аурулардың алдын алу үшін тіс дәрігеріне жылына кемінде екі рет қаралу қажет.
Кейіпкеріміздің сөзінше, ауыз қуысында көптеген микроб болады, сондықтан оның саулығы бүкіл ағзаға әсер етеді. Егер ауыз қуысының гигиенасы дұрыс сақталса, көптеген аурудың алдын алуға болады.
Тістердің жетіспеуі немесе зақымдануы тағамды дұрыс шайнауға кедергі келтіреді. Бұл ас қорыту жүйесінде түрлі мәселелердің туындауына әкелуі мүмкін.
Сала маманы тісжегі пен пародонтоздың алдын алу үшін төмендегі кеңестерді ұсынады:
Тісжегі пен пародонтоздың алдын алу үшін ауыз қуысының гигиенасын дұрыс сақтау керек. Ол үшін:
Тіс жұлғаннан кейін жасалатын күтім:
— Руслан мырза, табиғи тістен айырылған жағдайда ең жақсы шешім қандай – протез бе әлде имплант па?
— Табиғи тістен айырылған жағдайда ең жақсы шешім науқастың жағдайына, бюджетінe және медициналық көрсеткіштеріне байланысты болады.
Жалпы, біз сөз етіп отырған имплант пен протездің артықшылықтары мен кемшіліктері бар екенін ұмытпау керек.
Импланттың артықшылықтары:
Кемшіліктері:
Протездің артықшылықтары:
Кемшіліктері:
Егер бюджет пен денсаулық жағдайы мүмкіндік берсе, имплант – ең жақсы шешім, өйткені ол табиғи тістің қызметін толық атқарады және ұзақ мерзімді нәтиже береді. Ал егер имплантация мүмкін болмаса (қаржылық, медициналық себептермен), сапалы протез де жақсы балама бола алады.
Тіс дәрігерінің сөзінше, имплантация жасауға болмайтын жағдайлар бар:
Имплантация сәтті болуы үшін науқастың жалпы денсаулығы жақсы болуы қажет.
— Соңғы уақытта тіс ағарту процедурасы сәнге айналды. Оның қандай зияны болуы мүмкін?
— Стоматологиялық клиникада жасалатын кәсіби тіс ағарту процедурасы зиян емес. Ол үш кезеңнен тұрады: 1.Механикалық тазалау – тіс бетіндегі дақтар мен тасты кетіру. 2.AirFlow әдісі – арнайы ауа-ағынды тазарту. 3.Ағарту – химиялық немесе лазерлік әдіспен эмальдың түсін ашу. Алайда лампа көмегімен жүргізілетін кейбір химиялық ағарту әдістері зиянды болуы мүмкін. Олар тіс эмалін зақымдап, пульпаға (тістің ішкі қабатына) теріс әсер етуі мүмкін.
— Бала кезден тіс күтіміне мән беру маңызды. Осы ретте, ата-аналарға қандай кеңес бересіз?
— Баланы тіс дәрігеріне алғашқы тісі шыққан сәттен бастап апаруға болады. Ал 2–3 жастан бастап оны тіс щеткасын дұрыс қолдануға үйрету қажет.
Тіс күтімі – жалпы денсаулықтың маңызды бөлігі. Тіс дәрігеріне уақытылы қаралу көптеген аурудың алдын алады. Әркім өзіне дұрыс күтім жасап, стоматолог кеңестерін орындаса, әдемі күлкі мен мықты денсаулықтың иесі болары сөзсіз!