Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Соңғы он жылда психолог қызметіне жүгінетіндер саны күрт артқан
Қазақстандықтар психологтарға жүгінуден әлі де тартына ма? Пациенттерді қандай мәселелер жиі мазалайды? Жасөспірімдер жиі жолығатын мәселелер мен олар ішкі қорқыныштарын қалай жеңе алады? Бұл сұрақтарға балалар және отбасылық қарым-қатынас бойынша жұмыс істейтін писхолог Ғалия Сәтенова жауап берді.
«Шын мәнінде, психологқа жүгіну – дені сау адамның белгісі, бұл адамның өзімен қарым-қатынаста болғанын, ол өзінің денесіндегі белгілі бір өзгерістерді, өзінің психоэмоционалдық күйімен сезінуін білдіреді және ол белгілі бір құралдарды пайдаланады», - деп түсіндірді психолог.
20 жылдан астам психология бағытында жұмыс істеп келе жатқан маман соңғы он жылда психолог қызметіне жүгінетіндер саны күрт артқанын, мұның жақсы өзгеріс екенін атады.
«Қазіргі кезде жағдай жылдам өзгеріп жатыр. Мен жұмысты енді бастаған уақытта психолог қызметін мүлде түсінбейтін. Бірақ қазір біз бір орында тұрмаймыз, әрі психология өте танымал тақырып болып кетті десек те болады. Психолог мамандардан қорқудың қажеті жоқ, оларды әдеттегідей қабылдау қажет. Неліктен тіс дәрігеріне немесе косметолог салонына баруды қалыпты деп санаймыз? Неліктен психологқа бару «қалыпты емес»? Бұл – мамандық, терапия . Тіс дәрігері тістеріңіздің емдесе, психолог – жаныңыздың дауасы», - дейді Ғалия Сәтенова.
Ол жан жарақатын жас мөлшерінің түрлі кезеңінде қалыптасатынын және оның себебін табудың маңызды екенін айтады. Маманның сөзінше, жастар көбіне әртүрлі ретритке барып, психотроптық заттар арқылы тез нәтижеге жеткісі келеді. Алайда маманмен ұзақ жылғы тұрақты жұмысты бір сәттік эмоция алмастыра алмайды.
«Ретрит деген сөздің өзі оқшаулану дегенді білдіреді. Алайда оны ұйымдастырушылар адамның психикалық күйін көбіне ескере бермейді және жауапкершілік алмайды. Адамның санасы қалыптасып, тілі шықпай тұрған, тіпті жатырда жатқан шақалақ кезінде де анасының көңіл-күйі арқылы жан жарақатын алуы мүмкін. Психотерапевт мамандар осындай күрделі міндеттерді шешеді», - дейді Ғалия Сәтенова.
Халықаралық сарапшылардың айтуынша, 700 000-нан астам қазақстандық қуаныш сезімін сезіне алмайды. Бұл депрессиялық күйзелістен зардап шегетін жалпы халықтың 4,4% құрайды.
Мамандар адамдардың жақындарынан, жұмысынан, әлеуметтік жағдайынан айырылуға шыдай алмай, жиі депрессияға ұшырайтындығын айтады. Бұл рейтинг бойынша Қазақстан дәл ортада, 180 елдің ішінде 93-ші орында тұр. Антирейтингке тұрмысы төмен елдер ғана емес, АҚШ, Австралия, Эстония сияқты дамыған елдер де кірді. Сарапшылардың пікірінше, барлық мәселе мегаполистер мен ірі қалалардың көбірек болуында, онда адамдар стресс пен психологиялық қысымға көбірек ұшырайды.
Аида МЕЙРАМҒАЛИҚЫЗЫ, Нұрбике ЖІГЕРҚЫЗЫ