Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәріханаларда баға қашан төмендейтінін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұған дейін дәрі-дәрмекті таңбалау жүйесін енгізілген еді. Соның арқасында министрлік 8 мыңнан астам дәріхананың бағаларын көріп отырады. Бұдан бөлек, биыл дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітілді. Ол бұйрықта бір норма бар.
- Ол нормаға сәйкес, бұйрыққа дейінгі дәрі-дәрмектер сол бағамен сатылады, ал жаңадан сатып алынған медициналық препараттар төмен бағамен сатылуы шарт. Бүгінде "СК-Фармация" компаниясы 2026 жылға сатып алуларды бастады. Дәрі-дәрмектің 90 проценті жаңа бағамен сатып алынады. Соның басым бөлігі – төмен бағалар, - деді министр үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде көтерме-бөлшек саудада бағаның 23 процентке төмендегені байқалады.
- Енді, әрбір дәріхананың медициналық препараттар қоры әртүрлі. Меніңше, 1 қарашаға немесе 1 желтоқсанға дейін қалған дәрілерді сатып жіберсе, одан кейін сатып алған дәрілерді жаңа бағамен сатады, - деді Әлназарова.