Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Екібастұзда жер үй өртеніп, 6 адам көз жұмды
Жаңалықтар

Екібастұзда жер үй өртеніп, 6 адам көз жұмды

09.10.2025
мин
0
167
Сурет: AP Photo / Noah Berger

Екібастұзда жер үй өртеніп, 6 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Екібастұздың ауылдық аймағында жеке шаруашылықтың үйі мен шаруашылық ғимараттары өртенген. Тілсіз жаудың салдарынан үйде болған 6 адам өртеніп кеткен.

Солнечный кентіне қарасты шаруа қожалықтарының бірінде тұрғын үй мен өзге де шаруашылық ғимараттары жанған.

- Кенттен 7 шақырым жердегі шаруа қожалығының ғимараттары жанып жатқаны туралы хабарлама бүгін сағат 06.34-те келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде төтенше жағдай департаментінің күштері мен өрт сөндіру құралдары, Екібастұз ГРЭС-2 стансасының өртке қарсы құрылымдары, Солнечный кентінің өрт сөндіру бекетіні өкілдері жұмылдырылды. Құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтау барысында әрқайсысы 27 литрлік 8 газ баллонын сыртқа алып шықты. Белгілі болғандай, өрт жер үйді толықтай шарпып, жақын маңдағы шаруашылық ғимараттарына таралған. Жалпы ауданы 930 шаршы метр аумақты құраған, - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.

Оқиға кезінде үйде 7 адам болған. 1972 жылы туған ер адам сыртқа өз бетімен шығып үлгерген. Құтқарушылар оқиға орнынан (үй ішінен) 6 адамның денесін тапқан. Марқұмдардың кім екені анықталып жатыр. Тергеу органдары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Зардап шеккен адам емдеу мекемесіне жеткізіліп, қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр.

Төтенше жағдай департаменті қайтыс болғандардың барлығы ересек екенін, араларында балалар болмағанын мәлімдеді.

Өртті сөндіруге құтқарушылардың жеке құрамынан 30 адам және 10 техника қатысқан.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл