Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда 10 қазанда тұрғын үйлерге жылу беріледі. Бұл туралы ӨКҚ-да Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Нұрбақыт Серікбай мәлімдеді, - деп хабарлайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазір қаланың апаттық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 100-ден аса бригада мен 400-ге жуық маман жұмылдырылған. Нұрбақыт Серікбайдың сөзінше, мазут пен көмір қоры да жеткілікті.
- Тұрғындардың әлі де жылу желілеріне берешегі бар. Бұл мәселе жеке сот орындаушылары арқылы шешіліп жатыр. Ал Алматыда жылыту маусымы қала әкімінің қаулысына сәйкес 8 қазанда басталды. Бірінші кезекте балабақша, мектеп пен медициналық мекемелер сияқты әлеуметтік нысандарға жылу берілді, - деді ол.