Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тіс емдеуге зейнетақы жинағын алуға тыйым салынғаннан кейін қазақстандықтар жаппай офтальмология қызметіне жүгіне бастады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бірінші кредиттік бюро деректері бойынша қыркүйекте офтальмологиялық қызметтерге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлеміне өтінім саны күрт артқан.
- Қыркүйекте офтальмология қызметіне ақы төлеу үшін 1,4 миллиард теңге сомасына 1611 өтінім орындалды. Тамыздағы көрсеткіштермен салыстырғанда, бұл 5,8 және 7 есе өсімді көрсетеді, - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, стоматология бағыты бойынша БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару көрсеткіші күрт артқан.
- 27,3 мың өтінім және 21,8 миллиард теңге туралы сөз болып отыр. Тамызда стоматология бағытында 6,3 мың өтінім мен 3,7 миллиард теңге қайтарылған, - деп жазылған ақпаратта.
Еске салайық, бұған дейін "Отбасы банк" тіс емдеуге өтініш беру кезінде БЗЖҚ қаражатын мақсатсыз пайдалану және құжаттарды қолдан жасау деректері анықталғанын мәлімдеді.