466.08
538.56
5.65
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекеттік гранттан қағылған талапкерлер үшін қосымша гранттар мен жеңілдіктер жарияланды
Жаңалықтар

Мемлекеттік гранттан қағылған талапкерлер үшін қосымша гранттар мен жеңілдіктер жарияланды

10.08.2026
мин
0
389
Сурет: «Астана» телеарнасы

Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың білім беру гранттарына өтініш қабылдау басталды. 2026 жылы бакалавриат, магистратура және резидентура бағдарламалары бойынша барлығы 2 392 грант бөлінген, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Әкімдік гранттарының конкурсына негізгі ҰБТ тапсырған барлық мектеп түлектері қатыса алады. Ең көп грант Астана қаласына – 303, Шымкентке – 285, Шығыс Қазақстан облысына – 270 грант көлемінде қарастырылған. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысына – 211, Абай және Түркістан облыстарына – 200-ден, Ақмола облысына – 199, Қарағанды облысына – 198, Атырау облысына – 187, Маңғыстау облысына – 163 грант бөлінді.

Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер өздері таңдаған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына:

  • өтініш;
  • білім туралы құжатты;
  • негізгі ҰБТ сертификатын;
  • жеке куәлік көшірмесін;
  • жеңілдік санатын растайтын құжаттарды (бар болса) тапсыруы қажет.

Құжат қабылдау мерзімі өңірге және университетке байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Астана әкімдігі бөлген гранттарға өтініш қабылдау 10 тамызда аяқталады.

Бұдан бөлек, «Қазақстан халқына» қоры 2026 жылы оқу ақысы мен ай сайынғы шәкіртақыны қамтитын 350 білім беру грантын ұсынып отыр. Бағдарламаға ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар мектептерінің 25 жасқа дейінгі түлектері қатыса алады.

Қор грантына жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар, мүгедектігі бар азаматтар және әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балалары үміткер бола алады. Құжат қабылдау 1–17 тамыз аралығында жүргізіледі, ал грант иегерлерінің тізімі 11 қыркүйекке дейін жариялануы тиіс.

Жоғары балл жинағанымен мемлекеттік грант конкурсына өте алмаған талапкерлер үшін «Тұран» университеті де ішкі гранттар мен оқу ақысына жеңілдіктер ұсынады. Университеттің мәліметінше, 130 балл және одан жоғары жинаған талапкерлерге төрт жылдық грант, ал 110–119 балл аралығында нәтиже көрсеткендерге бірінші оқу жылының оқу ақысына 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.

Мамандар талапкерлерге тек республикалық грант нәтижесімен шектелмей, әкімдік гранттары, әлеуметтік қор бағдарламалары және университеттердің ішкі жеңілдіктері туралы ақпаратты мұқият қадағалауға кеңес береді. Бұл мүмкіндіктер мемлекеттік грантқа өте алмаған жастардың жоғары білім алуына қосымша жол ашады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл