| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 65,37%-ы дауыс берді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда 8 240 336 сайлаушы бюллетень алған. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 65,37%-ын құрайды.
Өңірлер арасында дауыс беруге қатысу деңгейі бойынша Қызылорда облысы көш бастап тұр. Мұнда сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 81,38%-ы бюллетень алған.
Жоғары көрсеткіштер Шығыс Қазақстан облысында — 79,33%, Жетісу облысында — 77,03% және Түркістан облысында — 76,73% тіркелді. Ақтөбе облысында сайлаушылардың 75,63%-ы, Ақмола облысында 73,69%-ы дауыс беруге қатысқан.
Сонымен қатар Абай облысында бұл көрсеткіш 71,18%, Қарағанды облысында 70,91%, Қостанай облысында 70,09%, Жамбыл облысында 69,11% болды.
Қалалар арасында Шымкентте сайлаушылардың 67,92%-ы бюллетень алған. Астанада бұл көрсеткіш 46,38%, Алматы қаласында 36,65%-ды құрады.
Басқа өңірлердегі сайлаушылардың дауыс беруге қатысу көрсеткіші:
* Алматы облысы — 67,23%;
* Атырау облысы — 63,37%;
* Батыс Қазақстан облысы — 61,81%;
* Маңғыстау облысы — 65,86%;
* Павлодар облысы — 67,06%;
* Солтүстік Қазақстан облысы — 63,94%;
* Ұлытау облысы — 64,29%.
Орталық сайлау комиссиясы бұл мәліметтерді астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректер негізінде жариялады.
Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 18:00-де беріледі.