461.39
534.75
5.45
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Операторлар енді тарифті үнсіз қымбаттата алмайды: жаңа тәртіп 20 тамыздан басталады
Жаңалықтар

Операторлар енді тарифті үнсіз қымбаттата алмайды: жаңа тәртіп 20 тамыздан басталады

18.08.2026
мин
0
187
Сурет: Liter.kz

Қазақстанда мобильді байланыс тарифтерін көтеруге қатысты абоненттерді хабардар ету тәртібі өзгереді. 20 тамыздан бастап операторлар тарифті қымбаттататынын кемінде 60 күн бұрын SMS арқылы ескертуге міндетті, — деп хаьарлайды Dauletten.kz.

Қазақстандық ұялы байланыс абоненттері тариф өзгерісін бұған дейінгіден ертерек білетін болады. 20 тамыздан бастап мобильді байланыс операторларына жаңа талап енгізіледі: қызмет құнын көтеру жоспарланса, абонентке бұл туралы кемінде 60 күнтізбелік күн бұрын хабарлау қажет.

Яғни оператор тарифті бір күнде немесе бірнеше апта ішінде өзгертіп, абонентті кейіннен ғана хабардар ете алмайды. Алдағы қымбаттау туралы ақпарат пайдаланушының нөміріне SMS арқылы жіберілуі тиіс. Бұдан бөлек, оператор өзінің интернет-ресурсында тариф өзгеретіні туралы мәлімет жариялауы қажет.

Бұл өзгерістің абонент үшін ең маңызды тұсы – тариф қымбаттағанға дейін қосымша екі ай уақыт пайда болады. Осы кезеңде пайдаланушы жаңа бағаны салыстырып, өзіне тиімді тарифке ауысу немесе басқа оператордың қызметін қарастыру туралы шешім қабылдай алады.

Бұған дейін операторларға тариф өзгерісі туралы абонентті 30 күнтізбелік күн бұрын ескерту жеткілікті болған. Енді бұл мерзім екі есеге ұлғаяды.

Алайда жаңа талапты «ұялы байланыс енді қымбаттамайды» деп түсінуге болмайды. Керісінше, операторлардың тарифтік жоспарлардың құнын қайта қарау құқығы сақталады. Яғни компания қызмет бағасын көтере алады, бірақ бұл туралы тұтынушыны алдын ала ескертуі тиіс.

Мұндағы маңызды өзгеріс – бағаның өсуіне тыйым салу емес, абонентке таңдау мүмкіндігін беру. Бұрын пайдаланушы тарифтің өзгергенін байқап, кейін әрекет етуі мүмкін болса, енді оның қолында шешім қабылдауға кемінде екі ай болады.

Сондықтан алдағы уақытта оператордан келген SMS-ке назар аударған жөн. Себебі тариф өзгеретіні туралы хабарлама жай ақпарат емес, абонентке жаңа шарттарға дайындалуға берілген ресми ескерту болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл