476.75
541.59
6.06
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Жаңалықтар

Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?

28.07.2026
мин
0
443

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға теміржол көлігінде алып жүруге тыйым салынған заттардың тізімін еске салады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қауіпті немесе алып жүруге тыйым салынған заттарды тасымалдауға әрекет жасау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?

- Жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттар, пиротехникалық бұйымдар (салюттар, отшашулар және жарылыс қаупі бар өзге де заттар).
- Радиоактивті және есірткі заттары, тез тұтанатын сұйықтықтар мен заттар, оның ішінде бензин, метил эфирі, метанол және т.б.
- Өздігінен немесе оңай тұтанатын қатты заттар.
- Сұйық немесе қатты күйдегі улы, күшті әсер ететін және уландырғыш заттар.
- Жұқпалы немесе биологиялық қауіпті материалдар, заттар және оларды қамтитын бұйымдар.
- Атыс қаруының барлық түрлері, оның ішінде лақтыратын, электрлік, механикалық, аралас, ұңғысыз травматикалық және газды қарулар, сондай-ақ, соққы беруге немесе жарақат салуға арналған заттар, қылыштар, семсерлер, сапылар, ятағандар, палаштар, шпага, найза ұштары, қанжарлар, кортиктер, стилеттер, кастеттер және кистеньдер.
- Атыс және газ қаруына арналған оқ-дәрілер, оның ішінде жауынгерлік, жарық-дыбыстық, травматикалық, бос және жарақталған аңшылық патрондар.

Пойызға мінер алдында барлық жолаушылар теміржол вокзалдарында міндетті тексеруден өтеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ірі теміржол вокзалдарында рентген-телевизиялық тексеру қондырғылары, стационарлық және қол металл іздегіштері, сондай-ақ, портативті детекторлар орнатылған. Сонымен қатар бейнебақылау, күзет және дабыл беру жүйелері жұмыс істейді. Полиция қызметкерлері мен күзет қызметі тәулік бойы кезекшілік атқарады.

Жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыру мақсатында пойыздарға кезең-кезеңімен бейнебақылау жүйесі енгізілуде. Қазіргі уақытта компанияның 1 100 жолаушылар вагоны бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Оның ішінде 550 «Тальго» вагоны және 550 стандартты жолаушылар вагоны бар. Бейнежазбалар Жағдаяттық орталыққа келіп түседі. Онда мамандар тәулік бойы жедел мониторинг жүргізіп, штаттан тыс жағдайларды талдайды және қажет болған жағдайда жедел әрекет ету шараларын қабылдайды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларды белгіленген талаптарды сақтауға және сапарлардың жайлы әрі қауіпсіз өтуіне бағытталған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл