466.08
538.56
5.65
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңа оқу жылында бастауыш мұғалімдеріне қойылатын талап өзгереді
Жаңалықтар

Жаңа оқу жылында бастауыш мұғалімдеріне қойылатын талап өзгереді

11.08.2026
мин
0
113
Сурет: Ult.kz

Жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сыныптардағы бағалау жүйесінен модерация алынып тасталады. Сонымен қатар диктант, мазмұндама, шығарма және математикадан бақылау жұмыстары қайта енгізіледі, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бастауыш сыныптардағы бағалау жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты.

Министрдің айтуынша, өзгерістердің негізгі мақсаты – мұғалімдердің шамадан тыс жүктемесін азайту, оқушыны қолдау және ата-аналар үшін ашық әрі түсінікті бағалау жүйесін қалыптастыру. Сонымен қатар жаңа жүйе білім сапасын арттыруға бағытталады.

- Бастауыштағы бағалау – мұғалімнің ауыр, шамадан тыс жүктемесін азайту, баланы қолдау, ата-анаға ашық әрі түсінікті бағалау жүйесін жасау және ең бастысы, білім сапасын арттыратын әділ бағалау жүйесін қалыптастыру, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Оның айтуынша, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында бағалау мәселесіне арналған арнайы бөлім құрылып жатыр. Бұған дейін академияда мұндай бөлім болмаған.

Жаңа бөлім ғылыми және әдістемелік тұрғыдан бастауыштағы бағалау жүйесін жетілдірумен айналысады. Атап айтқанда, типтік оқу бағдарламасына сәйкес әр бөлім бойынша аралық бақылаудың саны, формативті бағалаудың қалай және қанша рет жүргізілетіні, сондай-ақ бағалау критерийлері әзірленеді.

- Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғалымдары, әдістемелік бағыттағы мамандар мен тәжірибелі ұстаздар барлық мектептерге арналған бірыңғай ұсынымдар әзірлейтін болады, – деді министр.

Модерация мұғалімдердің жүктемесін арттырған.

Жұлдыз Сүлейменова бастауыш сынып мұғалімдеріне қатысты өзгеріске де тоқталды.

- Жаңа оқу жылынан бастап бастауыштың бағалау жүйесінен модерация алынып тасталады. Негізгі мақсатымыз – мұғалімнің жүктемесін жеңілдету. Қазір модерацияның көп жағдайда формалды түрде жүргізіліп, мұғалімге шамадан тыс жүктеме түсіргенін көріп отырмыз, – деді ол.

Министрдің сөзінше, бұл өзгеріс мұғалімдердің негізгі жұмысына басымдық беріп, артық әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Диктант, мазмұндама және бақылау жұмыстары қайта енгізіледі

Бастауыш сынып оқушыларының білімін бағалауда диктант, мазмұндама, шығарма және басқа да шығармашылық жұмыстарға қайта мән беріледі. Сонымен қатар математика пәнінен бақылау жұмыстары қайта енгізіледі.

Енді баланың дағдылары да бағаланады. Яғни бұрынғыдай тек ақпаратты меңгеру деңгейі ғана емес, баланың нақты дағдылары ескеріліп, сол дағдылары тексеріледі.

Оның айтуынша, әрбір жұмыс түрін бағалаудың нақты критерийлері әзірленеді. Мысалы, диктант пен мазмұндаманы бағалауға қойылатын талаптар нақты айқындалады.

Жаңа өзгерістер бастауыш сыныптардағы бағалау жүйесін біріздендіріп, мұғалімдердің қағазбастылығын азайтуға және оқушылардың нақты білім мен дағдыларын әділ бағалауға бағытталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл