460.13
532.6
5.42
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда 7 айда 9,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Жаңалықтар

Қазақстанда 7 айда 9,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

19.08.2026
мин
0
115
Сурет: ОКҚ

Қазақстанда тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту және азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. Биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша 9,7 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 92,3 мың тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Биылғы жоспар – 20,4 млн шаршы метр тұрғын үй немесе шамамен 188 мың тұрғын үй. Осылайша, бүгінгі таңда жылдық жоспардың 47,5%-ы орындалды.

Жаңа тұрғын үй салумен қатар, азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары да жүзеге асырылуда. Биыл 155,5 млрд теңгеге 12 мың кредиттік тұрғын үй пәтерін салу және сатып алу көзделген. Сонымен қатар 269 млрд теңгеге 13,5 мың жалға берілетін тұрғын үй пәтерін сатып алу жоспарланып отыр.

Жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру жалғасады. Жыл басынан бері азаматтарға 2-5% мөлшерлемемен жалпы сомасы 72,7 млрд теңгеге 5,1 мың несие берілді.

Сондай-ақ «Наурыз» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 339,2 млрд теңгеге 11,5 мың қарыз берілді.

Еліміздің өңірлерінде тұрғын үй салу және халыққа тұрғын үйді қолдау тетіктерін іске асыру бойынша жұмыстар жалғасады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл