Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Декреттегі аналарға кеңес
Маман пікірі

Декреттегі аналарға кеңес

26.11.2024
мин
3
2626

Психологтардың пікірінше, декреттегі аналарға менталдық саулықты сақтауға бағытталған нақты кеңестер өмірдің осы кезеңін жеңілдетуге және өзін-өзі дамытуға көмектеседі. Сондықтан Dauletten.kz сайты бала күтімімен үйде отқан аналарға мамандар айтқан бірқатар кеңесті  ұсынады.

Декреттік демалыс – әр ана үшін ерекше әрі жауапты кезең. Бұл уақытта бала күтімімен ғана шектелмей, өзіңізді дамытып, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік бар. Психологтар не дейді?

Денсаулыққа көңіл бөлуді әрдайым бірінші орынға қойыңыз. Себебі жаңа туған баланы күту физикалық және эмоционалды күшті қажет етеді. Өзіңізге уақыт табыңыз. Дұрыс тамақтаныңыз, жаяу серуендеуді әдетке айналдырыңыз. Ең бастысы ұйқыңыз жеткілікті болсын, қажет болса, жақындарыңыздан көмек сұраңыз.

Кәсіби дамуға көңіл бөліңіз. Онлайн курстар өтіп, жаңа дағдыларды үйреніңіз. Жұмысыңызға байланысты біліміңізді жаңартыңыз. Егер жеке іс бастау ойыңызда болса, алғашқы қадамдарды осы уақытта жасауға болады. Өзіңізге уақыт табуды ұмытпаңыз.

Декреттегі ана кейде өзін жалғыз сезінуі мүмкін. Мұндай жағдайда достарыңызбен және туыстарыңызбен араласыңыз. Басқа аналармен тәжірибе алмасу үшін топтарға қосылыңыз. Өз сезімдеріңізді ашық айтыңыз, қолдау сұрауға ұялмаңыз. Баланың күтімімен қатар өз қажеттіліктеріңізді де жоспарлаңыз. Бұл сіздің уақытыңызды тиімді бөлуге көмектеседі.

Сондай-ақ декреттік кезең – шығармашылық қабілеттеріңізді ашатын тамаша мүмкіндік. Қолөнермен айналысып, сурет салып, не басқа қызығушылықтарыңызды дамыта аласыз. Айтпақшы, бұл кезең баламен тығыз байланысты күшейтуге өте ыңғайлы. Жақындарыңызға көңіл бөліп, отбасыңызбен бірге есте қаларлық сәттер жасаңыз.

Сонымен қатар біз үнемі айтатын бір дүние бар: қаржылық сауаттылықты арттырыңыз. Отбасы бюджетін жоспарлап, қажетсіз шығындарды азайтыңыз. Болашақта қосымша табыс көздерін іздеңіз.

Декреттік демалыс – бұл уақытты тек тұрмыстық мәселелерге емес, өзіңізді жетілдіруге де жұмсайтын кезең. Балаңыздың амандығы мен сіздің ішкі қуатыңыздың үйлесімділігі барлық отбасы үшін маңызды.

Авторы: Ақмарал ҒАЛЫМҚЫЗЫ

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Г
Гулмайра 26.11.2024
Декреттік демалыс отбасыңа көбірек көңіл бөлетін кез.
Жауап беру
А
Айгул 26.11.2024
Үйде ешкім түснбейді ондайды. Күйеуім одан бетер қашады, я, керегіңді әпермиді. Кей кезде барын тастап кетсембекен деген ойда болады, құдай сақтасын
Жауап беру
Г
Гаухао 26.11.2024
Сәлеметсіз бе? Күміс алқа көпбалалы анаға берілетін неше уақытта дайын болады екен. Мен шілде айында өткізгем. Қай жерден білуге болады
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл