Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Базалық мөлшерлеме көтерілді. Енді ол жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның өзгеруіне тікелей әсер етеді. Бұл туралы «JibekJoly» арнасындағы «БүгінLive» бағдарламасында ипотека брокері Алмажан Кенжеғұлқызы айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Экономикалық сарапшылардың айтуынша, базалық мөлшерлеменің жоғарылауы банк секторындағы қаржы құнының артуын білдіреді. Бұл өз кезегінде ипотека мен тұтынушылық несиелердің пайыздық мөлшерлемесінің өсуіне әкеледі. Мұндай жағдайда банктер үшін тәуекел деңгейі төмендесе, қарапайым азаматтар үшін несиеге қол жеткізу қиындай түседі.
— Қазіргі өзгерістер банк өнімдерінің қымбаттауына ықпал етеді. Депозиттер мен несиелердің пайыздық мөлшерлемесі бірден емес, нарық жағдайына қарай біртіндеп арта бастайды. Бұл үрей тудыратындай жағдай емес. Барлығы инфляция деңгейімен тығыз байланысты, — дейді ипотекалық кеңесші Алмажан Кенжеғұлқызы.
Оның айтуынша, несие бойынша пайыздың өсуі ай сайынғы төлемге де тікелей әсер етеді. Демек, болашақта баспана сатып алу мүмкіндігі бұрынғыға қарағанда қиындай түседі.
— Ипотеканың қолжетімділігі төмендейді. Ай сайынғы төлем ұлғайған сайын түрлі қиындықтар туындауы мүмкін. Мәселен, азаматтардың өз табысын ресми түрде растауы — негізгі талаптардың бірі. Өкінішке қарай, бүгінде табыс көлемі айтарлықтай өспесе де, күнделікті шығындар артып келеді. Дегенмен, бұл өзгерістерге үрейлене берудің қажеті жоқ, — дейді сала маманы.
Сонымен қатар, алғашқы жарнасын жинап қойған азаматтарға аса қатты алаңдауға негіз жоқ. Қаржысын дұрыс басқарған жағдайда, несие алуға мүмкіндік бар. Ең бастысы — тұрақты табыс пен қаржылық тәртіп.