| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада маусымдық ЖРВИ кезеңі жалғасып жатқандықтан, дәрігерлер ата-аналарды сақтықты күшейтуге шақыруда, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
№3 көпбейінді қалалық Балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Абайдахар Талантұлының айтуынша, баланың бойында вирусқа тән алғашқы белгілер байқалған сәттен-ақ маманға қаралу керек. Алғашқы симптомдарды елемеу немесе ұзақ уақыт үй жағдайында ем жасау кейін асқынуларға жиі себеп болады.
Маманның сөзінше, ата-аналар арасында жиі жіберілетін қателіктің бірі – дәріні дұрыс мөлшерлемеу. Препараттың дозасы әр баланың жасына және салмағына сай есептелуі тиіс, ал артық не кем беру ағзаға қосымша ауыртпалық түсіреді. Дәрілерді алты сағаттан ерте қайта беруге болмайды. Температураны түсіру де өзіндік тәртіпке бағынады: дене қызуы 38,5°С-тан асқанда ғана қызу түсіретін дәрі қолданылуы керек. Тырысу синдромы бар балаларда бұл шекті көрсеткіш 37,5°С-тан аспауы тиіс, сондықтан мұндай балалар дәрігер бақылауында болуы қажет.
Кей ата-аналар баланың қызуы мен жөтелін үйде бірнеше күн емдеп, нәтиже болмаған соң ғана медициналық көмекке жүгінеді. Уақыт жоғалту кейде аурудың ауыр ағымына алып келуі мүмкін.
Дәрігерлер маусымдық вирустар кезінде ата-аналардың сақтығы мен уақтылы әрекеті ең тиімді қорғаныс екенін ескертеді. Алғашқы белгілерден бастап дұрыс ем тактикасын ұстану және маман кеңесіне жүгіну аурудың күрделенуіне жол бермейді.