473.4
539.39
6.07
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігі: ата-аналар нені білуі керек?
Маман пікірі

Балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігі: ата-аналар нені білуі керек?

27.07.2026
мин
0
125

ІІМ әлеуметтік желідегі қауіпсіздік ережелерін еске салды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде жеке деректердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырды. Ведомствоның мәліметінше, цифрлық ортадағы қарапайым сақтық шаралары алаяқтықтың, киберқудалаудың және басқа да қауіптердің алдын алуға көмектеседі.

Министрлік әлеуметтік желілер адамдарға қарым-қатынас жасауға, білім алуға және өміріндегі маңызды сәттермен бөлісуге мүмкіндік бергенімен, жеке ақпаратты шамадан тыс жариялау қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін екенін ескертті.

Осыған байланысты ІІМ азаматтарға тұрғылықты мекенжайын, телефон нөмірін, оқитын мектебі туралы мәліметтерді, сабақ кестесін және өзінің орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін өзге де жеке ақпаратты жарияламауға кеңес береді.

Сондай-ақ геолокациясы көрсетілген фото мен бейнематериалдарды нақты уақыт режимінде жарияламау ұсынылады. Мұндай контентті сол жерден кеткеннен кейін ғана бөліскен дұрыс.

Министрлік әлеуметтік желілерде достар қатарына тек жеке танитын адамдарды ғана қосып, аккаунттың құпиялық баптауларын реттеуге кеңес береді. Бұл жарияланымдарды тек сенімді адамдардың көруіне мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, бейтаныс адамдарға жеке фотосуреттерді, құжаттарды немесе басқа да құпия ақпаратты жібермеу қажеттігі айтылды. Егер белгісіз адам жеке мәліметтерді сұрап, орналасқан жеріңізді білетінін айтып қорқытса немесе шамадан тыс қызығушылық танытса, онымен байланысты дереу тоқтатып, аккаунтын бұғаттау қажет.

ІІМ мұндай жағдайлар туралы міндетті түрде ата-анаға, заңды өкілге немесе сенім артатын ересек адамға хабарлауды ұсынады.

Ведомствоның айтуынша, әлеуметтік желідегі жазылушылар саны мен лайктардан бұрын жеке қауіпсіздік маңызды. Цифрлық қауіпсіздік ережелерін сақтау азаматтардың жеке деректерін қорғауға және ықтимал қауіптердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл