Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ипотеканы тиімді өтеудің жолдары: сарапшы кеңесі
Баспанаға бағыт

Ипотеканы тиімді өтеудің жолдары: сарапшы кеңесі

24.07.2025
1 мин
1
641
Сурет: pinterest.com

Ипотекалық қарызды жылдар бойы ай сайын төлеу кез келген адам үшін оңай емес. Сол себепті табыс көбейіп, қосымша қаражат пайда болған сәтте туындайтын басты сұрақтардың бірі: ипотеканы мерзімінен бұрын өтеу қаншалықты тиімді және оны қалай дұрыс жасауға болады? Бұл сауалға қаржылық кеңесші Сұлтан Елемесов жауап береді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оның айтуынша, ипотеканы мерзімінен бұрын өтейтін екі негізгі тәсіл бар:

  1. Ай сайынғы төлемді азайту

  2. Қарыз мерзімін қысқарту.

Әр әдістің өз артықшылығы мен шектеулері бар.

1. Ай сайынғы төлемді азайту

Ай сайынғы төлемді төмендету – табысы тұрақсыз немесе шығыны көп отбасылар үшін тиімді шешім. Бұл жағдайда банкке қосымша төлем жасалып, қайта есептеу жүргізіледі де, төлем мөлшері азаяды.

— Көпшілік үшін бұл ыңғайлы тәсіл. Бірақ үнемделген қаражатты оңды-солды жұмсамай, қайтадан мақсатты пайдалану маңызды. Қаржылық сауат болмаса, бұл әдістің пайдасы аз, — дейді Сұлтан Елемесов.

2. Қарыз мерзімін қысқарту

Егер сіз бұрынғы ай сайынғы төлемді сақтай отырып, қосымша қаражат енгізсеңіз, несие мерзімі қысқарады. Бұл – ипотекадан тезірек құтылуға ұмтылатындар үшін тиімді жол.

— Мұның басты артықшылығы – несиенің нақты қанша жылға қысқарғанын бірден байқайсыз. Бұл адамға психологиялық жеңілдік береді. Бірақ ай сайынғы қаржылық жүктеме өзгермейді. Сондықтан бұл жолды таңдаушыларда тұрақты табыс пен қаржылық резерв болуы тиіс, — дейді сарапшы.

Қай тәсіл тиімдірек?

Екі тәсіл де тиімді болуы мүмкін. Ең маңыздысы – артық қаржыны мақсатты пайдаланып, оны қайтадан ипотеканы жабуға бағыттау. Қай жолды таңдаған дұрыс – бұл сіздің қаржылық жағдайыңыз бен өмір салтыңызға байланысты.

Мысал ретінде қарастырайық:

Сіз 10 миллион теңгелік ипотекаға ай сайын 180 мың теңге төлеп отырсыз. Қосымша 1 миллион теңге төлеуге мүмкіндік туды. Енді сіз:

  • Ай сайынғы төлемді азайтсаңыз – төлем мөлшері 160 мың теңгеге дейін төмендейді;
  • Мерзімді қысқартсаңыз – бұрынғы төлеммен ипотекадан шамамен 2 жыл ертерек құтыласыз.

Нені ескеру қажет?

Көп жағдайда банктер мерзімінен бұрын өтеуге қатысты шарттарды автоматты түрде өзгертпейді. Сондықтан қарыз алушы арнайы өтініш жазып, қай жолды таңдайтынын банкке хабарлауы тиіс.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
З
Зура 25.07.2025
Өте пайдалы кеңес болды,Мен ұшін. Рахмет
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл