Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Халық үшін арзандатылған ипотекалық несие көлемі екі есе ұлғаяды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Президент тапсырмасына сәйкес, халық үшін арзан ипотекалық несие көлемі екі есеге артпақ. Бұл шара тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аталған бастама қолданыстағы «Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламалары аясында жүзеге асырылады. Осы бағдарламалар арқылы несие беру көлемі 500 млрд теңгеге дейін ұлғайтылмақ.
Сонымен қатар сұранысқа ие «Әскери баспана» бағдарламасы қайта іске қосылады. Бұл бағдарлама жыл сайын кемінде 7 мың әскери қызметшінің отбасына жаңа үйге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, қатысушылар қайталама нарықтан да пәтер сатып ала алады.