Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Үй алудың тиімді жолдары: арман емес, нақты жоспар
Баспанаға бағыт

Үй алудың тиімді жолдары: арман емес, нақты жоспар

22.08.2025
мин
1
3356

Қазақстандықтардың басым бөлігі үшін баспана алу – ең басты арман әрі өмірлік мақсаттардың бірі. Dauletten.kz сайты үй сатып алу үшін дұрыс жоспар мен қаржылық сауат қажет екенін еске салады. Төмендегі кеңестер сіздің арманыңызға жүйелі түрде жетуге көмектеседі.

1. Мақсатты айқындаңыз

Алдымен қандай үй алғыңыз келетінін нақтылаңыз: жаңа тұрғын үй ме, әлде екінші деңгейлі пәтер ме? Қай ауданда орналасқанын, қанша бөлмелі болатынын ой елегінен өткізіңіз. Мақсат айқын болған сайын оған жету жоспары да нақтыланады.

2. Қаржылық жағдайды бағалаңыз

Айлық табысыңызды, тұрақты шығындарыңызды есептеңіз. Үй алуға қажетті алғашқы жарнаны жинауға қанша уақыт кететінін алдын ала болжау маңызды. Қаржылық жоспарлау арқылы өз мүмкіндігіңізді нақты көресіз.

3. Мемлекеттік бағдарламаларды қарастырыңыз

Қазақстанда халыққа қолжетімді баспана алуға арналған түрлі бағдарламалар бар. Солармен жақсылап танысып шығыңыз. Үй алуға арналған бағдарламалардың шарттары әртүрлі, сондықтан сіздің жағдайыңызға қайсысы тиімді екенін анықтап алыңыз.

4. Алғашқы жарнаны жүйелі жинаңыз

Жалақыңыздан ай сайын белгілі бір пайызды (кем дегенде 20–30%) жинақ шотына аударып отырыңыз. Жинақтау үшін депозиттік шоттар немесе тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін пайдаланған тиімді.

5. Қарыздан аулақ болыңыз

Үй алуға дайындық барысында тұтынушылық несие алмауға тырысыңыз. Өйткені ол сіздің төлем қабілетіңізге әсер етіп, ипотекалық несие алуға кедергі келтіруі мүмкін.

6. Қосымша табыс көзін қарастырыңыз

Үйге ақша жинау үдерісін жылдамдату үшін қосымша табыс табуға болады. Мысалы, фриланс, шағын кәсіп, уақытша жұмыс немесе инвестиция.

7. Жылжымайтын мүлік нарығын бақылаңыз

Баға саясатын зерттеңіз. Үй бағасы жыл мезгіліне, сұраныс пен ұсынысқа байланысты құбылып тұрады. Дұрыс уақытты таңдау арқылы үнемдеуге мүмкіндік бар.

8. Құжаттарды алдын ала дайындаңыз

Несие рәсімдеу кезінде уақыт жоғалтпас үшін табыс туралы анықтама, салық төлемдері және басқа да құжаттарды ертерек жинап қойған жөн.

Баспана алу – бір күндік шаруасы емес. Ол үшін табандылық, дұрыс жоспар және қаржылық тәртіп қажет. Нақты мақсат қойып, жүйелі әрекет етсеңіз, өз үйіңізге қол жеткізу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары болады. Үйім болсын десеңіз, қарапайым ережелерде естен шығармаңыз!

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Аида Кавазова 29.09.2025
Здравствуйте. Меня зовут Аида, я из Тараза. У меня семья, дети и муж. Я с мужем с нарушением слуха. Доча слышащая.Мы живём в аренде уже 5 лет, и мне очень тяжело. Я не могу накопить деньги на свой дом всё уходит на продукты, детей, одежду, лекарства... Муж не хватает денег, а я просто стараюсь выжить. Но сердце болит каждый день хочется стабильности, хочется, чтобы дети росли в доме, где тепло, не надо платить за аренду и бояться, что выселят. Я очень мечтаю о своём доме. Пусть он будет простой, но с 6 комнатами и сарайчиком во дворе. Это моя единственная большая мечта. Я вижу, как вы помогаете людям, и решилась написать. Я умоляю если есть хоть малейшая вас возможность, помогите нам. Ради Аллаха. Я никогда не забуду такую доброту. Это останется в моём сердце на всю жизнь. Алла тағала разы болсын сізге. +77087439085
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл