| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Бағдарлама азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған.
Өтінім 10 наурыздан 31 наурызға дейін қабылданады.
Бағдарламаға кімдер қатыса алады?
– тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған азаматтар;
– халықтың әлеуметтік осал топтары;
– қандастар;
– Қазақстан Республикасының басқа да азаматтары қатыса алады.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар үшін тұрғын үй несиесі жылдық 7% мөлшерлемемен беріледі.
Қалған қатысушыларға (тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелген азаматтар, қандастар және басқа да ҚР азаматтары) жылдық 9% мөлшерлеме қолданылады.
Егер қарыз сомасының 50%-ы жиналса, пайыздық мөлшерлеме 3,5–5%-ға дейін төмендеуі мүмкін.
Қанша ақша алуға болады?
– Астана және Алматы қалаларында – 36 млн теңгеге дейін;
– Басқа өңірлерде – 30 млн теңгеге дейін.
Бастапқы жарна кемінде 20% болу керек. Несие 19 жылға дейін беріледі.
Қарыз қандай мақсатқа беріледі?
Бағдарлама аясында берілетін несие:
– тұрғын үй сатып алуға;
– үй сатып алғаннан кейін бастапқы жөндеу жұмыстарын жүргізуге беріледі.
Бағдарламаға қатысу үшін қандай талаптар бар?
– қатысушы азаматтың Отбасы банкінде депозиті болуы керек (жоқ болса, ашуға болады);
– депозитте кемінде 2 млн теңге болуы тиіс;
– депозитке тыйым немесе инкассалық шектеулер болмауы керек;
– азамат «Отау» немесе «Кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға алу» бағдарламаларына қатыспауы тиіс. Сонымен қатар «Табысты», «Жинақ», «Арнау» депозит түрлері бағдарламаға қатыстырылмайды.
Жалпы қатысушы талаптары:
– қатысушының жасы 18–63 жас аралығында (қоса алғанда);
– соңғы 6 айда ресми табыс болуы тиіс;
– жалақы, кәсіпкерлік табыс, ақылы қызметтен түсетін табыс.
Егер табыс жеткіліксіз болса, 2 кепілгер қарыз алушы тартуға болады. Соңғы 5 жылда тұрғын үйі болмаған және тұрғын үймен операция жасамаған болуы тиіс
Бір салымшы/отбасы бағдарлама арқылы тек бір рет тұрғын үй сатып ала алады. Ерлі-зайыптылардың тек біреуі қатыса алады. Бағдарламаға қатысу және несие алу туралы ақпаратты банктің ресми сайтында жариялауға келісім беру керек.