Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда тұрғын үй бағасы көтерілді: қай қалаларда қымбат?
Баспанаға бағыт

Қазақстанда тұрғын үй бағасы көтерілді: қай қалаларда қымбат?

12.12.2025
мин
0
387
Сірет: Egemen.kz

Қараша айында Қазақстандағы тұрғын үй нарығында баға өсімі байқалды. Жаңа және екінші нарықтағы пәтерлер қымбаттап, жалға алу ақысы да артты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, қарашада ел бойынша 39 973 сатып алу-сату келісімі жасалды. Бұл қазан айымен салыстырғанда 3,1%-ға аз.

Жылдық есеп бойынша жаңа тұрғын үйлердің бағасы орта есеппен 15,5%, екінші нарықтағы пәтерлер 14,3%-ға қымбаттаған. Жайлы пәтерлерді жалға алу ақысы 11,9%-ға өскен.

Өңірлер бойынша баға өзгерісі:

- Жаңа үйлер: Алматы +19,9%, Павлодар +19,6%, Астана +17,4%

- Екінші нарық: Алматы +23%, Ақтөбе +19,4%

- Жалға алу: Павлодар +36,9%, Ақтөбе +34,3%, Петропавл +25,6%

Айлық өзгеріс бойынша қарашамен салыстырғанда жаңа үйлер 2,5%, екінші нарықтағы пәтерлер 2,8%, ал жалға алу ақысы 2,4% қымбаттаған.

Барлық мәмілелердің 31 222-сі пәтерлерге, 8 751-і жеке үйлерге тиесілі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл