| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Freedom Bank 5–10% мөлшерлемемен ипотекалық бағдарламаны іске қосатынын мәлімдеді. Бұл туралы банктің директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов Freedom Inside ‘26 конференциясында айтты, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда 19 наурыздан бастап банктерге тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі (ТҚЖЖ) арқылы ипотека беруге рұқсат етілді. Осыған дейін бұл бағытта тек Отбасы банк жұмыс істеп келсе, енді нарыққа Freedom Bank қосылып отыр.
Жаңа бағдарлама аясында банк ипотеканы екі бағыт бойынша ұсынбақ. Бірінші нұсқа — 5%-дық ипотека. Бұл жағдайда депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі 2%-дан басталып, аралық қарыз 7%-дан беріледі.
Екінші нұсқа — 10%-дық ипотека. Бұл бағдарламада бастапқы жарна 30%-ды құрайды, ал депозит бойынша сыйақы 7% деңгейінде белгіленген.
Осылайша, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне енді тек мемлекеттік емес, жеке банктер де қатыса бастады. Бұл өз кезегінде ипотека нарығындағы бәсекені арттырып, халық үшін тұрғын үйге қолжетімділікті кеңейтуі мүмкін.