| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Dauletten.kz сайтының басты мақсаты – халыққа пайдалы, түсінікті әрі өмірге қажетті ақпарат жеткізу. Осы дәстүрді үзбей, бүгін біз оқырман қауымға «Арнау» депозиті туралы кеңінен тарқатып түсіндірмекпіз. Кімге тиімді, қандай артықшылығы бар және қандай шарттармен ашылады – барлығын қарапайым тілде айтып береміз.
«Арнау» — Отбасы банкінің тұрғын үйді ұзақ мерзімге жоспарлап жүрген азаматтарға арналған арнайы депозит түрі. Оның басты артықшылығы — тұрақты мөлшерлеме, мемлекеттік сыйлықақы және жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік.
Бұл депозиттің жылдық сыйақы мөлшерлемесі — 2%. Жалпы жылдық тиімді мөлшерлеме (ЖТСМ) 2%-дан 6%-ға дейін өзгеруі мүмкін.
Депозитті кемінде 10 жылға, ең көбі 15 жылға ашуға болады.
Жинақ мерзімі біткеннен кейін сіз осы депозит арқылы 2% жылдық мөлшерлемемен несие ала аласыз. Бұл несиенің ЖТСМ көрсеткіші 2,1%-дан 3,3%-ға дейін. Несиені 6 айдан 10 жылға дейінгі мерзімге рәсімдеу мүмкіндігі бар.
Сонымен бірге мемлекет жыл сайын сіздің жинаған ақшаңыздың 20%-ын сыйлықақы ретінде қосып береді, бірақ бұл бонус бір жыл ішінде салынған 200 АЕК-ке дейінгі сомаға ғана есептеледі.
Депозит ашу үшін ешқандай комиссия төленбейді — яғни тегін ашылады.
«Арнау» депозитінде шарт сомасының 50%-ын кем дегенде 10 жыл бойы жинап, 48 тең Бағалау көрсеткішіне (БК) қол жеткізу керек. Осы талаптар орындалған соң депозит
иегері тұрғын үй сатып алу үшін 2% жылдық мөлшерлемемен тұрғын үй заемын рәсімдей алады. Заем тек кәмелеттік жасқа толған депозит иегерінің атына беріледі, яғни үй алар сәтте баланың жасы 18-ден жоғары болуы керек.
Артықшылығы қандай?
Төлем қабілеттілігін растау процедурасы жеңілдетілген. Әдетте еңбек жолын енді бастаған жастардың жалақысы төмен болады. Алайда «Арнау» депозитінің иесі табысы аз болған жағдайдың өзінде заем ала алады.
Депозитті 18 жасқа дейінгі кез келген балаға ашуға болады. Мысалы, баланың жасы 15-те болса және оның атына депозит ашылса, 10 жылдан кейін, яғни 25-ке келгенде 2%-бен тұрғын үй заемын рәсімдей алады.
«Арнау» депозитін сәбидің атына тек баланың заңды өкілдері (ата-анасы, қамқоршысы) ғана аша алады. Ал оған қаражатты баланың ата-анасы мен қамқоршысынан бөлек, оның әжесі, атасы, ағалары мен әпкелері, тіпті, ұйымдар да толықтыра алады.
Депозит Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған.