| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әскери қызметшілерге баспана алу оңайлайтын жаңа несие бағдарламалары іске қосылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2025 жылдың 17 қарашасынан бастап «Отбасы банк» мемлекеттік қызметкерлер мен әскери қызметшілерге арналған екі жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосты. Бағдарламаларға Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ІІМ, ТЖМ, Мемлекеттік күзет қызметі, әскери прокуратура және басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатыса алады.
Банк бөлімшесіне алдын ала барудың қажеті жоқ: өтінімдер ведомстволар ұсынған дайын тізімдер бойынша қабылданады. Қызметкер өз аты-жөнінің базаға енгізілгенін тексергеннен кейін ғана несие алу құқығын пайдалана алады.
«Наурыз Әскери» бағдарламасы:
- Несие мөлшерлемесі – 9%;
- Бастапқы жарнасыз қатысу мүмкіндігі бар;
- Алматы мен Астанада несие максимумы – 36 млн теңге, басқа өңірлерде – 30 млн теңге;
- Бастапқы жарна 20–50% болса, несие 80 млн теңгеге дейін ұлғайтылуы мүмкін.
«Әскери баспана» бағдарламасы екіншілік нарыққа арналған:
- Несие мөлшерлемесі – 18%;
- Бастапқы жарна – 20–50%;
- Несие максимумы – 50 млн теңге;
- Тұрғын үйді қатысушы өзі таңдай алады.
Банк мәліметіне қарағанда, тұрғын үй төлемін алатын 44 103 адам баспаналы болып, бұл мақсатқа 870,5 млрд теңге жұмсалған. Әскери бағдарламалар бойынша 18 мың несие беріліп, жалпы сомасы 428 млрд теңгені құраған.