Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жас отбасыларға баспананы қалай тиімді ипотекамен алуға болады?
Баспанаға бағыт

Қазақстанда жас отбасыларға баспананы қалай тиімді ипотекамен алуға болады?

23.07.2025
1 мин
0
820

Елімізде ресми некеде тұрғанына бес жыл толмаған жас отбасылар жылдық 5% мөлшерлемемен ипотека ресімдей алады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бағдарламаға қатысу үшін негізгі талап — өтініш берген сәтте некеде тұрған мерзім бес жылдан аспауы тиіс. Жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған. Егер осы мерзім ішінде арнайы тұрғын үй депозиті ашылса, болашақта ипотека ресімдеу құқығы сақталады.

Бағдарлама аясында келесі жылжымайтын мүлік түрлерін сатып алуға рұқсат етіледі:

  • Жаңа немесе қайталама нарықтағы пәтер;
  • Жеке тұрғын үй;
  • Құрылыс жүргізуге арналған жер телімі.

Сондай-ақ, бөлінген қаражатты жөндеу жұмыстарына пайдалану мүмкіндігі бар. Максималды қарыз сомасы — 100 миллион теңгеге дейін.

Алдымен "Отбасы банкінде" арнайы "Жас отбасы" депозитін ашу қажет. Бұл процедураны банктің ресми сайтында немесе мобильді қосымшасы арқылы онлайн жасауға болады. Екі жұбай да жеке-жеке депозит аша алады, бірақ несие рәсімдеу кезінде біреуі өз шотын екіншісінің атына өткізуі тиіс.

Негізгі талап — тұрғын үй құнының кемінде 50%-ын жинақтау және бағалау көрсеткіші (ОП) 5 деңгейге жетуі. Бұл деңгей — ипотекаға өтініш беру үшін қажетті ең төменгі шек. Жинақтау мерзімі стандартты түрде 12 ай, алайда ол салым толықтыру қарқынына байланысты өзгеруі мүмкін.

Егер 10 миллион теңге тұратын баспана алғыңыз келсе, бір жыл ішінде әр алты ай сайын 2,5 миллион теңгеден жинақтауыңыз керек. Төмен сома салынған жағдайда жинау уақыты ұзартылуы мүмкін.

Пәтер құны — 25 млн теңге:

  • Бастапқы жарна — 12,5 млн теңге
  • Аралық қарыз (2–3 жылға) — айына шамамен 125 000 теңге
  • Негізгі қарыз — айына шамамен 124 000 теңге

Жер телімі құны — 10 млн теңге:

  • Бастапқы жарна — 5 млн теңге
  • Аралық қарыз — шамамен 50 000 теңге
  • Негізгі қарыз — шамамен 49 600 теңге

Қалай өтініш беруге болады?

Жинақ мерзімі аяқталып, бағалау көрсеткіші 5 деңгейге жеткен соң, келесі қадамдарды орындау қажет:

  1. Банк сайтындағы немесе қосымшадағы жеке кабинетке кіріңіз;
  2. "Жас отбасы" депозитін таңдаңыз;
  3. "Өтініш беру" батырмасын басып, келесі құжаттарды тіркеңіз:
  • Жеке куәлік;
  • Неке туралы куәлік;
  • Сатып алынатын тұрғын үйге немесе жер теліміне қатысты құжаттар.

Бағдарламаға қатысу үшін қосымша мемлекеттік талаптар жоқ. Яғни мемлекеттік бағдарламаға қатысушы болу міндетті емес.
Негізгі артықшылықтары:

  • Жылжымайтын мүлікті еркін таңдауға мүмкіндік;
  • Нарықтағыдан төмен пайыздық мөлшерлеме;
  • Ипотека рәсімдеуді жинақ басталғаннан кейін бір жылдан соң бастауға болады.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл