458.87
535.09
5.42
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Ұмай» ипотекасына өтінім беру 31 тамызда басталады: бағдарламада қандай талаптар бар?
Баспанаға бағыт

«Ұмай» ипотекасына өтінім беру 31 тамызда басталады: бағдарламада қандай талаптар бар?

27.08.2026
мин
0
58
Сурет: stock.adobe.com

Әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады. Жоба аясында тұрғын үй сатып алуға 50 млн теңгеге дейін, ал оны жөндеуге 15 млн теңгеге дейін несие қарастырылған. Бағдарламаны «Отбасы банкі» Азия даму банкінің қаржыландыруымен жүзеге асырады. Әзірге банкке 9 млрд теңге бөлінген. Қаражаттың қалған бөлігі кезең-кезеңімен аударылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қатысу үшін қандай табыс қажет?

«Ұмайға» өтініш беретін отбасының орташа айлық таза табысы 1,25 млн теңгеден жоғары болмауы керек. Банк клиенттің төлем қабілетін бағалау кезінде соңғы алты айдағы ресми табысын есепке алады. Бағдарламаның маңызды ерекшелігі – қатысушының басқа жылжымайтын мүлкі болса да, ипотекаға өтініш беруге мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, тұрғын үй алатын қалада тұрақты тіркеуде болу міндетті емес.

Бастапқы жарна 15%-дан басталады

Бастапқы жарна мөлшері баспананың орналасқан өңіріне қарай өзгереді. Астана мен Алматыда үй алатындар үшін жарна кемінде 20%, ал басқа өңірлерде 15%-дан басталады. Бұл ақша қарыз алушыға берілмейді, банк оны тікелей сатушыға аударады. Несие көлемін есептегенде үйдің келісімшарттағы бағасы мен бағалау құнының төмені негізге алынады. Мысалы, пәтердің сату бағасы 32 млн теңге болғанымен, бағалау кезінде оның құны 30 млн теңге деп белгіленсе, банк 30 млн теңге бойынша есеп жүргізеді. Оның 80%-ы, яғни 24 млн теңге қаржыландырылып, қалған 6 млн теңгені сатып алушы өзі төлейді.

Қай нарықтан үй алуға болады?

Бағдарлама жаңа пайдалануға берілген және құрылысы әлі аяқталмаған тұрғын үйлерді сатып алуға мүмкіндік береді. Құрылысы жүріп жатқан нысандар Қазақстандық тұрғын үй компаниясының кепілдігімен немесе сақтандыру арқылы сатылуы тиіс. Қайталама нарықтағы үйлерге де ипотека рәсімдеуге болады. Алайда мұнда үйдің салынған жылы ескеріледі: 2016 жылдан бастап салынған тұрғын үйлерді таңдауға рұқсат етіледі. Жаңа үйлерді Baspana Market платформасынан таңдауға болады.

Ипотеканың мөлшерлемесі қандай?

«Ұмай» бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 14,8% болып белгіленген. Ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 16,3%-дан 16,8%-ға дейін болады.

Банк алдын ала қарыз беру тетігін де қолданады. Бұл жағдайда клиент үй құнының 50%-ын жинағанға дейін ай сайынғы төлемін несие пайызын өтеуге және депозитті толықтыруға бағыттайды. Депозиттегі жинаққа банктің 2% сыйақысы* және талаптарға сай болса, 200 АЕК-ке дейінгі сомаға 20% мемлекеттік сыйлықақы* қосылады. Егер депозитте бұрыннан жинақталған қаражат болса, қажетті соманы жинау мерзімі қысқарады. Ал жинақ мерзімі үш жылға жетіп, бағалау көрсеткіші 16-ға көтерілген жағдайда, несие мөлшерлемесі **5%-ға дейін төмендеуі мүмкін**. Бұл ай сайынғы төлем мен несие бойынша артық төлемді азайтуға мүмкіндік береді.

Өтінішті онлайн беруге болады

Бағдарламаға қатысу үшін банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ. Өтінішті Otbasybank.kz сайтындағы «Бейнеқызмет» арқылы немесе Baspana Market платформасы арқылы онлайн беруге болады. Бұл сервистерде банк операторлары құжаттарды қабылдап, бағдарлама талаптары бойынша кеңес береді. Сатып алынатын тұрғын үй әйелдің атына рәсімделеді. Егер әйел некеде болса, баспана ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі болып саналады. Қажет болған жағдайда бағдарламаға қоса қарыз алушыларды да тартуға болады.

«Ұмай» бойынша тұрғын үйді Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға мүмкіндік берілген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл