448.44
514.81
5.33
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда декреттік демалыс тәртібін өзгерту мәселесі қаралуда
Жаңалықтар

Қазақстанда декреттік демалыс тәртібін өзгерту мәселесі қаралуда

21.09.2026
мин
0
389
Сурет: Интернеттен алынған

Қазақстанда бала күтіміне байланысты демалыс беру тәртібін қайта қарау мәселесі талқыланып жатыр. Атап айтқанда, ер азаматтарға бала күтімі үшін демалыс беру және баласы дүниеге келгеннен кейін әйелдерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау форматын өзгерту ұсыныстары қаралуда, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға арналған Үкімет отырысында көтерілді. Үкімет талқылауы барысында ер адамдарға мемлекет есебінен бала күтіміне байланысты демалыс беру қажеттілігі қаралды. Сонымен бірге әйелдерге бала туғаннан кейінгі екі жыл ішінде көрсетілетін қолдаудың кейбір түрлерін қайта қарау мүмкіндігі айтылды.

Ұсыныстардың қатарында балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамтуды кеңейту және сәбилерге күтім жасайтын бала күтушілер қызметін дамыту мәселелері бар. Бұл бағыттағы өзгерістер әзірге талқылау кезеңінде, нақты шешім қабылданған жоқ.

Декреттік демалыс мәселесі әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту жұмыстары аясында қарастырылып отыр. Үкімет әлеуметтік төлемдердің бір бөлігін атаулы қағидатқа көшіруді жоспарлап отыр. Алғашқы кезеңде 36 төлемнің 14 түрін азаматтардың нақты әлеуметтік жағдайын ескере отырып тағайындау көзделген.

Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдар ұсынатын әлеуметтік көмектің 13 түрін төрт негізгі бағытқа біріктіру ұсынылған. 2027 жылдан бастап ардагерлерге арналған кейбір әлеуметтік қолдау шараларына да атаулылық қағидатын енгізу жоспарланып отыр.

Үкімет отырысында мүгедектігі бар азаматтарға қатысты деректерді тексеруде жасанды интеллект технологияларын қолдану нәтижелері де таныстырылды. Тексеру барысында медициналық құжаттарды қолдан жасауға байланысты 167 дерек анықталып, тиісті материалдар құқық қорғау органдарына жолданған.

Сонымен қатар әртүрлі азаматтардың деректерінде сәйкестік болған 18 647 жағдай тіркелген. Әлеуметтік төлемдер жүйесіндегі алдағы өзгерістер туралы азаматтарға 1 қазаннан бастап SMS хабарламалар, eGov Mobile және банктердің мобильді қосымшалары арқылы кезең-кезеңімен ақпарат беріледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл