Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
9 өңірдің тұрғындарына кәсіп бастауға 1,5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант беріледі
Бизнесті қолдау

9 өңірдің тұрғындарына кәсіп бастауға 1,5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант беріледі

16.10.2025
мин
1
207
Сурет: gov.kz

Dauletten.kz сайты 20 қазаннан бастап Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттарға өтінімдер қабылданатынын еске салады.

Барлығы 9 өңірде — Абай, Ұлытау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында — 270 грант беру жоспарланған.  Мұндағы басты мақсат — жаңа бизнесті бастау және дамыту.

Әр гранттың көлемі 400 АЕК (1 572 800 теңге) және қатысушы оны тек бір рет ала алады. Қаржы жаңа кәсіпкерге өз бизнесін бастауға, өндіріс орнын құруға және дамытуға, сондай-ақ тұрақты табыс табуға мүмкіндік береді.

Грантқа өтінім беру үшін:

- Порталда тіркелу;

- Грант алу шарттарына сәйкестікті тексеру;

- Бизнес-жоспар үлгісін жүктеп, толтыру және порталға енгізу;

- Өтінім нысанын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.

Интернет немесе компьютерге қол жеткізу жоқ жағдайда өтінімді мансап орталықтарында, өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарында беруге болады.

Грант алуға құқығы бар үміткерлер:

- Тіркелген жұмыссыздар;

- Жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).

Сонымен қатар үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы тиіс: мүгедектігі бар адамдар, қандас мәртебесі бар азаматтар, өңіраралық қоныс аударушылар, аз қамтылған немесе көпбалалы отбасы мүшелері, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар, асыраушысынан айырылған адамдар.

- Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығанын растайтын сертификаты 3 жылдан аспауы керек, - делінген хабарламада.

Грантты кәсіпкер құрал-саймандар, технологиялық жабдықтар, мал, жануарлар, құстар, көшеттер, бұталар, тұқымдар сатып алуға немесе орын-жайларды жалға алуға пайдалана алады. Қаржы тұтынушылық мақсаттарға, қарыздарды өтеуге, тұрғын үй сатып алуға, жер учаскелерін алуға және акцизделетін өнімдер өндіруге пайдаланылмайды.

Гранттарды Еңбек мобильділігі орталықтары аудандық/қалалық комиссия шешімі бойынша береді. Үміткерлер өз бизнес-жобасын комиссия алдында таныстырады, ал бағалау бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, нарыққа сәйкес келуі, қаржылық тұрақтылығы, кәсіпкерлік дағдылар мен жаңа жұмыс орындарын құру негізінде жүргізіледі.

Комиссия шешімі үміткердің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Оң шешім шыққан жағдайда үміткер банк реквизиттерін ұсынады, шартқа қол қояды және әрі қарай тоқсан сайын қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп береді. Барлық рәсімдер электрондық түрде жүзеге асырылады, орталыққа барудың қажеті жоқ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Ж
Жанар 17.10.2025
Бірінде ала алмадық танысың жоқ болса кім береді қарапайым адамға
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл