| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның тасжолдарында орташа жылдамдық қосымша төрт жерде тіркеле бастады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
13 қазаннан бастап республикалық автожолдардың тағы төрт учаскесінде орташа жылдамдықты бақылау іске қосылды:
Орал – РФ шекарасы (Самара)
Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор)
Қостанай – Денисовка
Қандыағаш – Мақат
Орташа жылдамдықты бақылау Қазақстанда 2025 жылғы 17 наурыздан бері жұмыс істейді. Оның мақсаты — жүргізушілерді камера алдында ғана емес, бүкіл жол бойында қауіпсіз жылдамдықты сақтауға дағдыландыру.
Жыл соңына дейін учаскелер саны көбейтіледі.
ІІМ жүргізушілерді барлық бағыт бойында жылдамдық режимін сақтауға шақырады. Жолға кететін уақытты алдын ала жоспарлаңыз және оны жылдамдықты арттыру арқылы жетіп алуға тырыспаңыз. Өзіңізді және жолаушыларыңызды сақтаңыз!