453.93
508.72
5.35
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сапасыз бензин көлікті бұзса, жөндеу ақысын кім өтейді
Жаңалықтар

Сапасыз бензин көлікті бұзса, жөндеу ақысын кім өтейді

09.10.2026
мин
0
88
Сурет: qazaly.kz

Қазақстанда сапасыз жанармай құйып, көлігіне зақым келген жүргізушілер жөндеу шығынын сатушыдан немесе өндірушіден өндіріп алуға құқылы. Премьер-министр Олжас Бектенов мұндай жағдайда өтемақы төлеу тәртібін түсіндіріп, жанармай сапасын бақылауды күшейту жоспары туралы мәлімдеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда сапасыз бензиннен көлігі бүлінген жүргізушілер келтірілген шығынды өтетуді талап ете алады. Заңнамада тұтынушының мүлкіне келген зиянды өтеу міндеті қарастырылған. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттардың сауалына берген жауабында айтты.

Жөндеу шығынын кімнен талап етуге болады

Үкімет басшысының түсіндіруінше, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 31-бабы бойынша, тауардың ақауынан тұтынушының мүлкіне зиян келсе, оны сатушы өтеуге міндетті. Егер өнімнің сапасыз екені расталса, сараптама жүргізуге кеткен қаражат та өтелуге тиіс.

Бұған қоса, Азаматтық кодекстің 947 және 948-баптарында тауар кемшілігінен туындаған зиянды өтеу тәртібі белгіленген. Осы нормаларға сәйкес, зардап шеккен азамат өтемақыны сатушыдан немесе өндірушіден талап ете алады. Бұл ретте олардың кінәсінің бар-жоғы өтемақы төлеу міндетін автоматты түрде жоймайды.

Жүргізуші жанармай сапасының қай кезеңде бұзылғанын өзі анықтауға міндетті емес. Бұл мәселе уәкілетті органдардың тексеруі арқылы нақтыланады.

Сапасыз жанармай сатқандарға қандай шара қолданылады

Олжас Бектеновтің жауабында талапқа сай келмейтін мұнай өнімдерін сатуға қатысты әкімшілік жауапкершілік те айтылған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 415-бабы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығарғаны үшін жауапкершілік көздейді. Ал кодекстің 281-бабының бесінші бөлігі талапқа сай емес мұнай өнімдерін айналымға шығару және оларды қайта өңдемей сақтау мәселесін реттейді. Заңда мұндай өнімдерді және оларды сатудан түскен кірісті тәркілеу мүмкіндігі де қарастырылған.

Премьер-министрдің айтуынша, жанармайдың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталса, жауапты тұлғалар мемлекеттік бақылау мен зертханалық зерттеулердің нәтижелері негізінде айқындалады.

Қазақстанда жанармай сапасын бақылау күшейтіледі

Үкімет сапасыз мұнай өнімдерінің айналымына қатысты заңбұзушылықтарды анықтау тетігін енгізуді жоспарлап отыр. Тиісті заңнамалық түзетулерді жақын арада Құрылтай депутаттарының қарауына ұсыну көзделген.

Жаңа тетік бақылаушы органдарға жанармай сапасының бұзылу себебін анықтап, өнімнің жеткізілу тізбегін толық қадағалауға мүмкіндік беруге тиіс.

Осылайша, сапасыз бензин көлігіне зиян келтірген жағдайда жүргізуші шығынды өтеу мәселесін көтере алады. Алайда өтемақы талап ету үшін көлікке келген залал мен жанармай сапасына қатысты мән-жайларды тиісті тәртіппен растау маңызды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл