448.94
502.05
5.26
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Отбасы банк сыртқы қайта қаржыландыру бойынша қарыз беруді уақытша тоқтатты
Жаңалықтар

Отбасы банк сыртқы қайта қаржыландыру бойынша қарыз беруді уақытша тоқтатты

08.10.2026
мин
0
251
Сурет: ғаламтордан

Отбасы банкі сыртқы қайта қаржыландыру бойынша қарыз беруді уақытша тоқтатты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Отбасы банк басқа банктер мен қаржы ұйымдарындағы қарыздарды қайта қаржыландыруға арналған займдарды беруді уақытша тоқтатты. Яғни басқа банктегі немесе қаржы ұйымындағы несиесін Отбасы банкінен жаңа қарыз алу арқылы жабуды жоспарлаған клиенттер әзірге бұл қаражатты ала алмайды. Соған қарамастан банк сыртқы қайта қаржыландыруға қатысты құжаттарды қабылдауды және өтінімдерді қарауды жалғастырып жатыр. Яғни өтініш беруге болады, бірақ мақұлданған өтінімдер бойынша қаражат 23 қазанға дейін берілмейді.

Банк қарыз беру қайта басталған кезде бұл туралы ресми ақпарат көздері арқылы қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.

Отбасы банкі бұл уақытша шектеуді 1 қазаннан бастап күшіне енген, басқа банктер мен қаржы ұйымдарындағы қарыздарды қайта қаржыландыруға қатысты талаптардың өзгеруімен байланыстырды. Жаңа тәртіп бойынша қолданыстағы несиені өтеу кезінде жаңа кредитор қарыз алушының бұрынғы несиесі рәсімделген ұйымға қаражатты тікелей аударуға келісімін алуы керек.

Алайда банк бұл өзгерістің қазіргі уақытша тоқтатуға нақты себеп болған-болмағанын түсіндірмеді.

Сыртқы қайта қаржыландыру арқылы клиент Отбасы банкінен жаңа қарыз рәсімдеп, басқа ұйымдағы қолданыстағы берешегін жаба алады. Мұндай қарыздар, соның ішінде, тұрғын үй жағдайын жақсартуға байланысты алынған несиелерді өтеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Өтінім мақұлданған жағдайда қаражат қарыз алушының қолына берілмей, бұрынғы несие берген банкке немесе қаржы ұйымына тікелей аударылады. Осыдан кейін клиент жаңа қарызын Отбасы банкіне төлей бастайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл