448.94
502.05
5.26
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесмен – Forbes рейтингі
Жаңалықтар

Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесмен – Forbes рейтингі

08.10.2026
мин
0
198
Сурет: Politica.kz

Forbes Kazakhstan еліміздегі ең ықпалды бизнесмендердің дәстүрлі тізімін жаңартты. Биыл 16-рет әзірленген рейтингтің көшін Вячеслав Ким бастап тұр, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Рейтингті құрастыру кезінде сарапшылар кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндігінен бөлек, ел экономикасындағы салмағын, ірі мәмілелерін, инвестициялық белсенділігін және қоғамдық қызметін ескерген. Өткен жыл ішінде банк, тау-кен, металлургия, құрылыс пен логистика саласындағы ірі өзгерістер тізімдегі орындарды қайта айқындады.

Көшбасшылар бестігі:

1. Вячеслав Ким (57 жаста) – Kaspi.kz компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы және 20,06% үлесі бар акционері. Сонымен қатар United Group Alatau, Алсеко, Magnum Cash&Carry бенефициары. Жуықта Jusan Mobile (QMobile) операторын бақылайтын холдингті сатып алып, Алатау қаласында 100 млн долларлық AÑSA HUB жобасын бастады.

2. Болат Өтемұратов (68 жаста) – ForteBank (91,43%), КаР-Тел (Beeline, IZI), салтанатты қонақүйлер мен Narxoz University иесі. Халықаралық теннис турнирлеріне және спортты дамытуға 200 млн доллардан астам қаражат бөлген.

3. Тимур Құлыбаев (60 жаста) – Жубайымен бірге елдегі ең ірі Қазақстан Халық банкін (61,91%) бақылайды. QazaqOil, Gas Energy, PTC Holding және 1 млн шаршы метрден астам жылжымайтын мүлігі бар Mercury Properties иесі.

4. Нұрлан Смағұлов (61 жаста) – Astana Group негізін қалаушы (Astana Motors, MEGA СОО, Mycar Group). Жақында Алматыда жаңа зауыт пен Орталық Азиядағы алғашқы жеке заманауи өнер музейін (Almaty Museum of Arts) ашты.

5. Шахмұрат Мутәліп (36 жаста) – Integra Construction KZ иесі, Қазақстан бокс федерациясының басшысы. Биыл ERG акцияларының 39,3%-ын және Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубын сатып алып, бестікке алғаш рет енді.

Рейтингке жаңадан қосылғандар:

Тізімге алғаш рет төрт бизнесмен енді. Мутәліптен бөлек:

 Нұрлан Артықбаев (7-орын) – Qazaq Stroy, Exclusive Qurylys иесі, «Қазақмыс корпорациясын» бақылауға алды.

 Құдрат Шамиев (19-орын) – «Еуразиялық топ» (ERG) компаниясының бас директоры.

 Алмаз Әлсенов (40-орын) – Harvest Group негізін қалаушы, Қазақстанда 1,4 млрд долларлық агрожобаны және Астанада PSG Academy Kazakhstan футбол академиясын қолға алуда.

Рейтингтің қалған қатысушылары да еліміздің экономикалық және әлеуметтік өміріне айтарлықтай ықпал етіп отыр.

Алтыншы орынға Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы Тимур Турлов жайғасты. Басылым дерегінше, оның бизнесі Түркия нарығында кеңейіп, өзі FIDE президенті болып сайланды. Жетінші орында – «Қазақмыс корпорациясын» бақылауына алған Qazaq Stroy иесі Нұрлан Артықбаев. Сегізінші орынды Allur мен Qarmet металлургиялық кәсіпорнының акционері Андрей Лаврентьев иеленді. Тоғызыншы орынға BI Group холдингінің негізін қалаушы Айдын Рахымбаев тұрақтаса, алғашқы ондықты KAZ Minerals пен Bank RBK-ны бақылайтын Владимир Ким түйіндеді.

Екінші ондықта тау-кен, қаржы және құрылыс саласының ірі өкілдері орныққан. Олардың қатарында Шухрат Ибрагимов, Бақытбек Байсейітов, Данияр Әбілғазин, Александр Белович, Эдуард Огай, Айдан Кәрібжанов, Арманжан Байтасов, Дінмұхамед Ыдырысов, жаңадан қосылған Құдрат Шамиев және Қайрат Боранбаев бар.

Тізімнің үшінші ондығында Олег Новачук, Қанат Көпбаев, Еркін Тәтішев, Фаррух Махмудов, Сергей Кан, Кеңес Рақышев, Серікжан Сейітжанов, Қайрат Мәжібаев, Берік Қаниев және Райымбек Баталов орналасқан.

Төртінші ондыққа IT, ритейл және өндіріс саласының көшбасшылары кирді. Олар: Арсен Томский, Ерлік Балфанбаев, Елдар Әбдіразақов, Эдуард Ким, Қайрат Ітемгенов, Владимир Денисов, Марғұлан Сейсембай, Иван Сауэр, Алмас Сұлтанғазин және рейтингке жаңадан енген Алмаз Әлсенов.

Ең ықпалды 50 кәсіпкердің соңғы ондығын Марат Жұман, Рауан Кенжеханұлы, Айдарбек Қожаназаров, Марат Сәрсенов, Ерлан Сүлейменов, Айғазы Құсайынов, Гаухар Қаппарова, Ғалымжан Есенов, Елдар Сәрсенов және Алмас Құдайберген толықтырды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл