| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлытау облысында прокуратура тексерісінен кейін 250-ден астам мектеп оқушысына 12,7 миллион теңге қаржылай көмек көрсетілді. Бұған дейін білім беру мекемелері заңды негіздерге қарамастан, бұл қаражатты әлеуметтік осал отбасыларға бермей келген, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлытау облысының прокуратурасы өңірдегі әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалардың мемлекеттік қолдауды толық көлемде алмағанын анықтады. Барлық тиісті құжаттар рәсімделгеніне қарамастан, жергілікті білім беру ұйымдары оқушыларды заңмен көзделген көмекпен қамтамасыз етуді кейінге калдырып келген.
Нәтижесінде:
1. 250-ден астам баланың заңды құқығы толығымен қалпына келтірілді.
2. Отбасыларға жалпы сомасы 12,7 миллион теңге көлемінде қаржылай төлемдер жасалды.
3. Оқушылар оқу жылы аяқталғанша тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Заң талаптарын орындамаған мектеп басшылары мен жауапты ма мамандар тәртіптік жауапқа тартылды. Қазіргі уақытта прокуратура бұл бағыттағы жұмыстарды өз бақылауына алды.