| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жамбыл облысында «Заңсыз келуші – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон заңнамасын бұзған 88 шетел азаматы Қазақстан аумағынан бес жылға шығарылды. Рейдтік тексерістер барысында полицейлер 250-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Өңірде тәртіпті қамтамасыз ету және заңсыз көші-қонның жолын кесу мақсатында жүргізілген «Заңсыз келуші – 2026» арнайы іс-шарасы өз нәтижесін берді. Тәртіп сақшылары тексеріс барысында барлығы 254 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеген.
Шараның басты нәтижелері:
Елден шығарылғандар: Көші-қон ережелерін өрескел бұзған 88 шетел азаматына Қазақстан аумағына 5 жыл бойы кіруге тыйым салынып, елден қуылды.
Издеудегі қылмыскерлер: Халықаралық іздеуде жүрген 5 шетелдік азамат ұсталды.
Жергілікті турғындардың жауапкершілігі: Шетелдіктердің елде болу тәртібін бұзуына жағдай жасап, тиісті талаптарды орындамаған 57 Қазақстан азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаменті елде болу мерзімдері мен ережелерін қатаң сақтау қажеттігін, ал шетелдіктерді қабылдайтын жеке және заңды тұлғалардың заң алдындағы жауапкершілігі жоғары екенін ескертеді.