447.14
500.35
5.24
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елде төртінші мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін үш өңір аталды
Жаңалықтар

Елде төртінші мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін үш өңір аталды

07.10.2026
мин
0
356
Сурет: Egemen Kazakhstan

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын (МӨЗ) тұрғызуға қолайлы негізгі үш аймақ белгілі болды. Құрылтай отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ірі инфрақұрылымдық жоба бой көтеруі ықтимал өңірлерді жария етті, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Елімізде жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысы бойынша дайындық жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Энергетика министрлігі жобаны жүзеге асыру үшін бірнеше әлеуетті аумақты анықтап, жан-жақты сараптама жүргізуде.

Министр Ерлан Ақкенженовтің сөзінше, қазіргі таңда Ұлытау, Атырау және Маңғыстау облыстары негізгі алаң ретінде қарастырылуда.

- Әзірге консультанттар тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Жыл соңына дейін техникалық-экономикалық негіздемеге қатысты инфрақұрылымдық және экономикалық мәселелер түбегейлі шешіледі деп күтіп отырмыз, – деді ведомство басшысы.

Ведомство жоспарына сәйкес, 2030 жылға қарай Қазақстан ішкі нарықты отынмен толық қамтып қана қоймай, дайын мұнай өнімдерін Орталық Азия елдеріне шығаруды көздейді. Бұдан бұрын Мұнай тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Дәулет Арықбаев елімізде жылдық мұнай өңдеу межесін 39 миллион тоннаға дейін ұлғайту міндеті тұрғанын хабарлаған еді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл