450.62
504.2
5.36
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда ең төменгі жалақы қашан өсуі мүмкін?
Жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақы қашан өсуі мүмкін?

14.10.2026
мин
0
189
Сурет: Politiko.kz

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру мәселесі Үкімет пен Президент Әкімшілігі деңгейінде қарастырылып жатыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Құрылтай отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген вице-премьер ең төменгі жалақының қашан көтерілетіні жөніндегі сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша нақты шешімнің қашан қабылданатынын әзірге айту қиын. Дегенмен, жақын уақытта белгілі бір нәтиже болуы мүмкін.

Серік Жұманғарин ең төменгі жалақы көлемі арттырылатын болса, өзгеріс келесі жылы жүзеге асуы ықтимал екенін атап өтті.

Ең төменгі жалақының қазіргі мөлшері қандай?

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2019–2026 жылдар аралығында Қазақстандағы бірқатар негізгі әлеуметтік көрсеткіш өскен.

Атап айтқанда:

• Ең төменгі жалақы 42 500 теңгеден 85 000 теңгеге дейін көтерілді. Яғни екі есеге артты.

• Ең төменгі зейнетақы мөлшері 36 100 теңгеден 69 000 теңгеге дейін өсті.

• Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 715 500 теңгеден 1 661 600 теңгеге жетті.

Осылайша ең төменгі жалақыны қайта қарау мәселесі күн тәртібінде тұр. Алайда оның нақты мөлшері мен өсетін мерзімі әзірге ресми түрде нақтыланған жоқ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл