450.62
504.2
5.36
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады

14.10.2026
мин
0
116
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қариннің ішкі саясаттың басым бағыттарын жүзеге асыру, Президент тапсырмаларын орындау мен бастамаларын ілгерілету, соның ішінде бірінші шақырылған Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуында және Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында айтылған міндеттерді іске асыру жөніндегі есебін тыңдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Атап айтқанда, Вице-Президент конституциялық құндылықтарды түсіндіру және насихаттау, «Таза Қазақстан» жобасын жүзеге асыру, жаңа қоғамдық этика қалыптастыру, «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын енгізу бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына этносаралық келісімді нығайту, балалардың құқығы мен мүддесін қамтамасыз ету, мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру секілді ішкі саясаттың негізгі бағыттары жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында Президент конституциялық қағидаттар мен құндылықтар ұлттық болмыс пен қоғамдық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс екенін атап өтіп, бірқатар тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, патриотизм, жауапкершілік, еңбекқорлық, бірлік және азаматтардың жасампаз мақсаттар жолында жұдырықтай жұмылуы елімізді қарқынды дамытудың маңызды алғышарттары саналады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл