| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Ұмай» және «Жасыл ипотека» тұрғын үй бағдарламалары жуырда іске қосылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алғашқы кезеңде 2 000-нан астам несие беру жоспарланып отыр.
«Ұмай» бағдарламасы қолжетімді шарттармен жеке баспана алғысы келетін әйелдерге арналған.
Бағдарлама шарттары:
• Бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі
• Тіркеуге (пропискаға) байланыс жоқ
• Бастапқы жарна төмендетілген
• Сатып алу және жөндеу үшін несие рәсімдеуге болады
Бағдарлама аясында бұған дейін 3 660 әйел баспаналы болған.
«Жасыл ипотека» энергия тиімді тұрғын үйлерді сатып алуға бағытталған.
Артықшылықтары:
• Коммуналдық шығындар азаяды
• Заманауи құрылыс стандарттарына сай тұрғын үй
• Қазақстанда «жасыл» құрылысты қолдау
Негізгі шарттар
• Несие сомасы: 50 млн теңгеге дейін
• Мерзімі: 25 жылға дейін
• Тұрғын үйді кез келген өңірден сатып алуға болады