Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Білім бізді біріктіреді
dauletten
Команда мүшелері
Дәулет Мұқаев
Экономист-журналист. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистрі «Баспанаға бағыт», «Бизнеске бағыт» телебағдарламаларының жүргізушісі «Бизнеске бағыт», «Дәулетті күнделік», «Жинақ Times» кітаптарының авторы
Дәулет Мұқаев
04.05.1992
Семей қаласының тумасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде бакалавр және магистр дәрежесін алған, қазіргі таңда Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық университетінің “Экономика” кафедрасында докторантурада білім алуда.
Сұлу да сүйкімді Лаураның аяулы жары, Жанбота мен Жантөренің асқар таудай әкесі.
Командамызда мотиватор, ұстаз, кеңесші, аға қызметінде.

Жиі айтатын сөздері:

  • Ниетіңе қарай татқаның.
  • Еңбек бағалануы керек!
  • Әр істің бір қайыры бар.
  • Әй, жұмыс істеңдер!
  • Адал болсаңдар, Алланың берер несібесі еш таусылмайды. Жұмыс істеңдер!
Нұрсұлтан Орынбеков
Жоба жетекшісі
Байланыс нөмірі
Нұрсұлтан Орынбеков
23.11.1994
Ақтөбе облысының тумасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. “Заңгер” мамандығы бойынша бакалавр, “Саясаттану” мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. “ХХІ ғасыр көшбасшысы” зияткерлік сайысының қатысушысы.
Ғалия есімді арудың арқасүйер азаматы, Нұрмұхаммед және Яхия есімді қос батырдың әкесі.
"Dauletten қайырымдылық қоры" ЖҚ директоры

Өз ісіне, сөзіне адал жан. 

Азамат Салықов
“Otau Like” компаниясының басшысы
Байланыс нөмірі
Азамат Салықов
28.07.1994
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының тумасы.
Еуразия Ұлттық университетінде “Автоматтандыру және басқару” мамандығы бойынша бакалавр, “Экономика” бойынша магистр дәрежесін алған. Қазір осы университет қабырғасында докторантурада білім алуда.
“Otau Like” компаниясының басшысы

 Футбол ойнағанды, тамашалағанды ұнатады. Өте мейірімді, еңбекқор, ісіне адал жан.

Дәуренбек Уразаев
«Elorda onimderi» директоры
Байланыс нөмірі
Дәуренбек Уразаев
04.11.2021
Қазақ қатынас жолдары университетінің түлегі
Шамиль Қарақожа
Toreshop аяқ-киімдер дүкенінің директоры
Байланыс нөмірі
Шамиль Қарақожа
08.04.1997
Шымкент қаласының тумасы
Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Қазіргі осы университет қабырғасында магистратурада білім алуда. Мамандығы: Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету.
Toreshop аяқ-киімдер дүкенінің директоры
Бекарыс Қошқарбай
Дәулет Төлеутайұлының менеджері
Байланыс нөмірі
Бекарыс Қошқарбай
08.06.1995
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Амангелді ауылының тумасы
Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Техника және технология ғылымдарының бакалавр және магистр дәрежесін алған.
Дәулет Төлеутайұлының менеджері
Назерке Байжан
SMM маман
Назерке Байжан
13.07.1995
Шығыс Қазақстан облысы тумасы
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (ІТ) “Журналистика” мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған, қазіргі таңда Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық университетінде сол мамандық бойынша магистратурада білім алуда.
@dauletten.kz және @dauletten_qory парақшаларының SMM маманы.
Ержан Сұлтанбеков
"DAULETTEN" телеграм каналының администраторы
Байланыс нөмірі
Ержан Сұлтанбеков
14.02.1992
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының тумасы
Мамандығы: қаржыгер.
Гүлназ есімді оралдық сұлудың асыл жары, Ерсұлтан және Ержігіт есімді екі батырдың әкесі.
"DAULETTEN" телеграм каналының администраторы

Қазіргі таңда Алматы қаласында интернет-маркетинг саласында қызмет атқарып жүр. Бірнеше телеграм каналдардың авторы.

Шерхан Балқыбек
IT маман, сайт әзірлеуші, дизайнер, Google | Яндекс жарнама
Шерхан Балқыбек
18.02.1993
Шығыс Қазақстан облысы тумасы, Тарбағатай ауылы
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіндегі "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасы" мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.
Сүйкімді Айбөбек ханымның жары, Абдурахманның асқар таудай әкесі.
Dauletten.kz сайтын әзірлеп, техникалық қолдау көрсететін IT маман
  • @astanacreative.kz веб-агенттігінің директоры.
  • Жаңа IT жобаларға қатысуға дайын!
  • Сурет салғанды, веб-дизайнды жақсы көреді. Photoshop, Figma, Illustrator, HTML/CSS/JS/PHP меңгерген.
Дүйсен Оспанов
Баспана бойынша консультант
Байланыс нөмірі
Дүйсен Оспанов
12.04.1992
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласының тумасы
Алматы Энергетика және Байланыс университетінде “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығы бойынша бакалавр, Сәтпаев университетінің “Радиотехника, электроника және телекоммуникация” мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Карина есімді сұлудың жары.
Баспана бойынша консультант

Банк жүйесіндегі IT саласының беделді қызметкері. “Әр қазақ баспаналы болсын” деген ниетпен баспанаға бағыт пен кеңес беріп жүр. 

Ұлан Дәулетқали
Баспана бойынша консультант
Байланыс нөмірі
Ұлан Дәулетқали
08.08.1995
Шығыс Қазақстан облысы тумасы
Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық университетінде “Ақпараттық жүйелер” мамандығы бойынша бакалавр, сондай-ақ "Ақпараттық қауіпсіздік әдістерімен технология" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. және магистр дәрежесін алған.
Әлия есімді арудың жары, Алана есімді қыздың әкесі.
Баспана бойынша консультант

 “Әр отбасы баспаналы болсын” деген ұранмен баспанаға қатысты кеңес береді. Сондай-ақ  РФМШ математика пәні мұғалімі және CleverS оқу орталығы олимпиадалық математика тренері.

Алтынай Халелова
SMM маман
Алтынай Халелова
08.08.1996
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының тумасы
Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық университетінде “Ядролық физика” мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежесін алған.
SMM маман
Жасұлан Қуандық
«Dauletten қайырымдылық қоры» ЖҚ директоры
Байланыс нөмірі
Жасұлан Қуандық
15.06.1997
Кентау қаласының тумасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бакалавр, "МВА – Іскерлік әкімшілік жүргізу" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Қазіргі кезде аталған білім ордасында докторантурада білім алуда.
Гауһар есімді хас сұлудың асыл жары.
«Dauletten қайырымдылық қоры» ЖҚ директоры

Қазақстан студенттер Альянсының Алматы қаласы бойынша көшбасшысы

«Elbasy Medali» жобасының Алматы қаласы бойынша сарапшысы

Алматы қаласы әкімі жанындағы жастар кеңесінің мүшесі

 ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы студенттер жөніндегі Кеңес мүшесі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінің оқытушысы.  

Нұрсұлтан Симбаев
"Dauletten Team" бухгалтері
Байланыс нөмірі
Нұрсұлтан Симбаев
23.06.1999
Түркменстанда дүниеге келген
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. Мамандығы: Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар.
"Dauletten Team" бухгалтері

@saparla_travel тур-компаниясының директоры
Алматы қаласы, Алатау ауданы Жастар ресурстық орталығының экс-басшысы
@dau_bilim парақшасының SMM маманы

Жарқын Бейсенов
Менеджер/мобилограф
Жарқын Бейсенов
01.04.2001
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының тумасы
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенті
Менеджер/мобилограф
Жансая Играшин
Редактор
Жансая Играшин
01.07.1996
Атырау облысы, Тұрғызба ауылының тумасы
Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық университетінде бакалавр, магистр дәрежесін алған. Мамандығы: Журналист.
Редактор
Әсел Кәрімқұл
"Dauletten қайырымдылық қоры" ЖҚ менеджері
Байланыс нөмірі
Әсел Кәрімқұл
04.12.1995
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының тумасы
Қарағанды Экономикалық Университетінің “Халықаралық қатынастар” мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.
"Dauletten қайырымдылық қоры" ЖҚ менеджері

@elorda_onimderi парақшасының SMM маманы

Балжан Ерланова
"Dauletten қайырымдылық қоры" ЖҚ баспасөз хатшысы
Байланыс нөмірі
Балжан Ерланова
08.01.1999
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының тумасы
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде “Журналистика” мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған. Қазіргі кезде Әлихан Бөкейхан университетінде “Филология” мамандығы бойынша магистратурада білім алуда.
"Dauletten қайырымдылық қоры" ЖҚ баспасөз хатшысы
Айболат Құлатай
IT маман
Айболат Құлатай
20.09.1995
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласының тумасы
Халықаралық ақпараттық технологиялық университетінің түлегі, “Ақпараттық жүйелер” мамандығы бойынша бакалавр, “Жоба басқару” мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. “XXI ғасыр көшбасшысы” зияткерлік сайысының қатысушысы.
IT маман

“Thousand IT Group” компаниясының директоры.

Абай Ғани
Абай Ғани
04.11.2021
Дәл осы жерде сіздің де суретіңіз тұруы мүмкін