Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
23 шілде күнгі дерек бойынша тағайындалған 42 500 теңгеге 1 млн 912 мың өтініш келіп түскен. Алайда төлем тек 1 млн 536 мың адамға тағайындалып, 1 млн 432 мың азаматқа ақша аударылған.
1 миллион 912 мың өтінімнің ішінде:
– 797,7 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
– 467,4 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар;
– 192,9 мың адам 42500.enbek.kz порталы;
– 453,9 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтар санаттар бойынша:
– 797,7 мың өтініш БЖТ төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
– 118,6 мың азаматқа жұмыс беруші құжат тапсырды;
– 995,7 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Еске сала кетейік, порталдарда өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Тағы көру