Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
80 миллион теңге: Қазақстан оттегі баллондарын өндіре ала ма?
Жаңалықтар

80 миллион теңге: Қазақстан оттегі баллондарын өндіре ала ма?

07.07.2020
1 мин
0
1058

Қызылордада оттегі баллондарын өндіретін цех салынады. Өндіріске облыстық бюджеттен 80 миллион теңге бөлінді.

Қазіргі таңда елдегі жағдайға байланысты облыс әкімі емханаларда жасанды тыныс алу аппараттары мен оттегі тапшылығы туындап отырғанын айтты. 

"Емханаларды аралау барысында басты мәселелердің бірі – оттегі баллондарының жетіспеушілігі. Осыған орай, сала басшылары мен қала, аудан әкімдері облыс ауруханаларын оттегі баллондарымен жеткілікті көлемде қамтамасыз ету үшін өндіруші мекемелермен бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімге келді", - деді өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова.

Оның айтуынша, облыстық көпсалалы аурухана жанынан оттегі өндіретін цех салу жұмысы қолға алынған.

Осыған дейін облыстағы 76 жасанды тыныс алдырту аппаратына маусым айында 20 портативті аппарат сатып алынды. Қосымша тағы 63 аппарат алуға  өтінім жіберілді.

Аталмыш аппараттарды сатып алуға жергілікті кәсіпкерлер қолдау білдіріп, белсенділік танытуда.

Соңғы деректерге сәйкес, Қызылорда облысында 1456 адам вирус жұқтырған, 950 науқас жазылып шықты, үш адам қайтыс болды.


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл