Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Абай облысында сарбаз көз жұмды
Жаңалықтар

Абай облысында сарбаз көз жұмды

20.05.2025
мин
2
526
Сурет: azh.kz

Абай облысы Аягөз ауданында 18 жастағы мерзімдегі сарбаз көз жұмды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 19 мамырда Аягөз қаласындағы орталық аудандық ауруханада мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген сарбаз бактериалды менингиттің гипертоксикалық түрінен қайтыс болды.

— 16 мамыр кешкісін сарбаз әлсіздік пен дене қызуының көтерілуіне байланысты Аягөздегі әскери госпитальге жеткізілген. Алғашқы тексеру мен медициналық көмекке қарамастан, жағдайы жақсармаған. 17 мамырда қосымша тексеру жүргізіліп, соның нәтижесінде науқас аудандық ауруханаға ауыстырылған, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.

18 мамыр күні жауынгердің жағдайы күрт нашарлаған. Дәрігерлер жансақтау шараларын қолданғанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Қайтыс болған сарбаз 2025 жылдың 25 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысынан әскер қатарына шақырылған. Ол небәрі бір айға жуық уақыт ғана қызмет етіп үлгерген. Қазіргі таңда бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

— Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның отбасына және туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Сондай-ақ, оларға барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілетіні хабарланды, — делінген ресми хабарламада.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Қ
Қаламкүл 20.05.2025
Отан алдындағы борышын өтеуге "годен" деп жазудан бұрын, ұлдың денсаулығын түбегейлі тексеру маңызды. Әрбір ұл борышыңды өтеген соң өз отбасына, сарғайып күтіп отырған қарт ата анаға баруын тілейміз.
Жауап беру
А
Аноним 20.05.2025
Бұлда бір шикілік, денсаулық жағдайына қарап барып шақырылған азамат болса, дені сау емес адам жіберілмейдіго әскерге
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл