Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Актөбеде әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші қаза тапты. Бұл туралы ресми хабарламаны Актөбе гарнизонының баспасөз қызметі таратты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Биылғы жылдың 23 қарашасында Актөбе гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде қарауылдық қызметті орындау барысында мерзімді әскери қызметші бекітілген қарудан оқ ату арқылы өзін-өзі өлтірді, – делінген баспасөз хабарламасында.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.
- Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жарияланбайды, - деп қосты баспасөз қызметі.
Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.