Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласында коронавируспен күреске бөлінген 12,2 млрд теңгенің 8,9 млрд теңгесі игерілген, деп айтты Алматы бойынша ревизиялық комиссия төрағасының орынбасары Әлфия Рақышева Қоғамдық кеңес отырысында.
«Коронавируспен күреске 12,2 млрд теңге бөлінді. 1 шілдеде қаржыландыру көлемі 11,4 млрд теңге болды, оның 86,8%-ы, 8,9 млрд теңгесі игерілген», — деді Әлфия Рақышева.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілері ұсынған ақпаратқа сәйкес коронавирусқа қарсы Алматыда жеке қорғаныс құралдары сатылып алынған, аурухана салынған. Сонымен қатар, көлік құралдарын, подьездер мен аулаларды зарарсыздандыру жүргізілген. Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтерінде жұмыс істейтін, эпидемиологиялық шараларды ұйымдастыруға қатысқан азаматтарды орналастыруға қаражат жұмсалды.