Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин той-томалақ өткізуге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Онлайн-брифингте Жандарбек Бекшиннен "Алматыда той және банкет өткізу рұқсат етіле ме" деп сұралды.
"Жоқ. Бүгінде Алматыда тамақтану орындарына жұмыс істеуге рұқсат етілді. Бірақ түрлі банкет, мерекелік шаралар - ұжымдық шаралар дейік - қоғамдық тамақтану орындарында өткізуге тыйым салынған", - деп түсіндірді ол.
Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шаһарда COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны неге өскенін түсіндірді.