Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті “Google салығы” деп аталатын салықтың үш жыл ішінде Қазақстан бюджетіне қанша түсім әкелгенін айтып берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ведомство мәліметінше, үш жыл ішінде шетелдік компаниялар Қазақстан бюджетіне 58 миллиард теңгеден астам салық төлеген. 2022 жылы жалпы түсім 10 миллиард теңгені, 2023 жылы 24 миллиард теңгені құраған. Ал биылғы жылдың 9 айында бюджетке 23 миллиард теңге салық түскен.
Ең көп салық денсаулыққа арналған тауарлар сататын iHerb маркетплейсінен (11 миллиард теңге) түскен. Екінші орында Apple (9 миллиард теңгеден астам), ал Google үш жыл ішінде 9,3 миллиард теңге төлеген.
МКК түсімдердің өсе беретінін айтады және міндетті төлемдерден ешкім қашып құтыла алмайтындай болу үшін жазалау шарасын енгізуді ұсынды.
- Жаңа заң жобасы қаралуда. Ол салық заңнамасын орындамайтын салық төлеушілерге қатысты. Интернет ресурстарға шектеу қойылады, яғни біздің жеке тұлғалар салық төлемейтін салық төлеушілердің сайттарына кіре алмайды, – деді МКК цифрлық активтер басқармасының басшысы Талғат Әділов “Жібек жолы” телеарнасына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың басынан бастап интернет арқылы жеке тұлғаларға тауар сататын шетелдік компаниялар мен шетелдік сауда алаңдары (маркетплейстер) Қазақстанда ҚҚС (“Google салығы”) төлеуге міндетті.