Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылғандарды полицияның мәжбүрлеп жеткізуге құқығы бар екенін мәлімдеді және жастарды көшеден күштеп әкетіп жатқан видеоға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Желіде әскерге шақырылған жастарды көшеде ұстап әкетіп жатқан видео таралды. Осыған байланысты министрлік әскери қызметке шақыру тәртібіне қатысты пікір білдірді.
Ведомствоның мәліметінше, шақыру науқаны кезінде кейбір азаматтар әскери қызметтен жалтарып, жергілікті әскери басқару органдарына уақытында келмейді. Сонымен қатар, шақыру жасындағы азаматтарды есепке алу қиындықтары туындайды, өйткені олардың көбісі тіркелген мекенжайында тұрмайды және жаңа мекенжайына тіркелмейді.
Шақыру қағазы әскерге шақырылушының өзіне тапсырылады, ал оның келуін қамтамасыз ету міндеті ішкі істер органдарына жүктеледі.
- Рейд барысында кейбір азаматтар ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетеді. Мұндай жағдайда полиция оларды мәжбүрлі түрде ұстап, шақыру пунктіне жеткізе алады. Шақыру комиссиясы сол жерде азаматтың мәртебесін анықтап, негіз болмаса, үйіне қайтарады, – деп хабарлады министрлік.
Қорғаныс министрлігі әскери қызметтен жалтарғандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Тағы көру