Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-ға қарсы тегін дәрілер қандай жағдайда берілетіндігін айтты.
Бағдат Қожахметтің айтуынша, 1 миллион науқасқа жететін 5 дәрі түрі сатып алу жұмыстары аяқталып қалды. Дәрілер үйде ем алатын науқастарға тегін беріледі.
"Бұл шара елімізде алғаш қабылданып отыр. Азамат өзі тіркелген емханаға барып тексеріле алады. Вирус жұқтырғаны анықталса, дәріханаларға бармай, керек дәрілерді емханадан алуға болады. Барлық емханада қажетті дәрі-дәрмек бар және тегін беріледі", - деді Қожахмет онлайн брифинг барысында.
Медицининалық сақтандыру қорынан бөлінген қаржыға үйде ем қабылдайтын науқастарға "Парацетамол", "Ибупрофен", "Ривароксабан", "Апиксабан" мен "Дабигатран" деген препараттар тегін таратылатын болады.
"Сондай-ақ жалпы құны 8,7 миллиард теңге болатын 91 түрлі препараттар еліміздің әр өңіріне жөнелтілді. Бұл дәрілер шамамен 40 мың науқасқа жетеді. Ал 15 тамызда тағы екі айға жететін қор дайындалып жатыр. Емханаларда 200 мың науқасты емдеуге жететін дәрі-дәрмектің 50 түрі жеткізіледі", - деп атап өтті Бағдат Қожахмет.
Тағы көру