| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Dauletten» қайырымдылық қоры 2026–2027 оқу жылына әлеуметтік қолдауды қажет ететін студенттерге 20 млн теңге көлемінде білім гранттарын бөледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бағдарлама жоғары білім алуға қаржылай қолдау көрсетуге бағытталған.
Грантқа Қазақстанның жоғары оқу орындарына 2026–2027 оқу жылында бірінші курсқа ақылы негізде қабылданған, ата-анасының бірінде I топтағы мүгедектігі бар студенттер үміткер бола алады.
Әр студентке берілетін грант мөлшері бір академиялық жылға арналған оқу ақысына сәйкес белгіленеді. Бір студентке көрсетілетін қаржылай қолдау көлемі 1 млн теңгеден аспайды.
Құжаттар 2026 жылғы 15 қарашаға дейін қабылданады.
Қордың мәліметінше, бағдарламаның мақсаты – әлеуметтік осал топтағы жастардың жоғары білім алуына мүмкіндік беру және олардың кәсіби дамуына қолдау көрсету.
Толық ақпарат пен өтініш беру тәртібі төмендегі сілтемеде:
https://dauletten.kz/zhobalar/bilim-beru-granttary